20:25, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қостанайда жетім және мүгедек балаларға арналған мереке ұйымдастырылды
ҚОСТАНАЙ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Жаңа жыл қарсаңында Қостанайдың әкімі Жомарт Нұрғалиев жаңажылдық мерекеге жетім және мүгедек балаларды, ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар мен тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды жинады.

Жаңажылдық шырша қалалық Балалар шығармашылығы мектебінде және облыстық драма театрында өтті. Балалардың барлығы да сыйлықтар алды. «Балалық шақ еліндегі Жаңа жыл ертегісі» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Кеше Қостанайдың әкімі қалалық ғылыми олимпиаданың жеңімпаздары мен қала мектептерінің белсенділерін жаңажылдық шыршаға шақырған болатын.