Қостанайда жол жөндеуге 7 млрд теңге бөлінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін Қостанай облысында 13 млрд. теңгеге автожолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ баспасөз мәслихатында өңір әкімінің орынбасары Сергей Карплюк хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Автожолдардың жай-күйі қазіргі экономикаға үлкен ықпал етуде. Бүгінде олардың дамуына қыруар қаражат бөлінуде. Біздің облыста да биыл 13 млрд теңгенің жұмыстарын жүргізу жоспарланған, 7 млрд теңге біздің облыс орталығына жұмсалады», - деп мәлімдеді әкім орынбасары.

Мысал ретінде Карплюк қыркүйек айында аяқталған Тобыл өзеніндегі көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстарын атады.

«10 айға 3 млрд теңге жоспарланған мерзімінен бұрын игерілді. Облыс орталығын Ақтөбе облысы шекарасымен жалғайтын 114 шақырым автожолдардың құжаттық-сметалық құжаттамасын жасау біз үшін өте маңызды», - деді С.Карплюк.

Соңғы жаңалықтар