19:08, 02 Наурыз 2010 | GMT +5
Қостанайдағы шаңғы спорты фестивалі Жеңіс мерекесіне арналды
ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда шаңғы спортынан облыстық фестиваль өтті. Ол Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналды.
Оны ұйымдастырған облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы өкілдерінің ақпараты бойынша, фестиваль оны өткізудің бүкіл тарихындағы ең бұқаралық шара болды. Оған 700 спортшы мен әуесқойлар қатысты. Жеңімпаздар командалық есепте де, жекелей біріншілікте де, әртүрлі жас топтарында да айқындалды. Жарыстарға мектеп оқушыларымен қатар зейнеткерлер де белсене араласты.