09:44, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Қостанайлық депутаттар, бюджетке өзгерту енгізу арқылы Батыс Қазақстандағы зардап шеккендерге көмектеспек
ҚОСТАНАЙ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облыстық мәслихатының кешегі кезектен тыс мәслихатында депутаттар бюджетке өзгерту енгізуді қолдап дауыс берді.
Бұл шара көктемгі тасқын судан зардап шегіп отырған Батыс Қазақстан тұрғындарына көмек көрсетуге қаражат қарастыру үшін қабылданып отыр.
Депутаттар батысқазақстандықтарға көмекке 100 миллион теңге аудару туралы қаулы қабылдады. Бұл ақша қазынаға түсетін айыппұл санкциялары мен мемлекеттік мекемелерден өндірілетін өтемдердің есебінен жасақталады.