15:51, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
Қостанайлық құтқарушылар Батыс Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
ҚОСТАНАЙ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайдың ТЖ жөніндегі департамент қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді.
ТЖД өкілі Дастан Жұмабаев хабарлағандай, көмекке жылы киімдер, жамылғылар, жастықтар, төсек жабдықтары, ойыншықтар - барлығы 20 жүк орын жіберілді.
Гуманитарлық көмекті «Қазпошта» тегін жеткізіп береді. Олардың айтуынша, жүк алушыларға алдағы аптаның ортасына таман жетеді.
Д.Жұмабаев су тасқынының зардаптарын жою үшін Қостанай ТЖД 16 қызметкері Батыс Қазақстанға іссапарға жіберілгенін айтты.