20:17, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Қостанайлықтардың орташа еңбекақысы - 46 мың 861 теңге
ҚОСТАНАЙ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейінің артуы байқалады.

Мысалы, 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда орташа еңбекақы 11 пайызға өсті және 46 мың 861 теңгені құрады. Бұл сома ең аз жалақы мөлшеріннен (13 мың 717 теңге) - 3,4 есе, ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 3,6 есе көп. Орташа еңбекақының өсуі іс жүзіндегі көріністе 2,4 пайызды құрады.
2009 жылғы қыркүйекте облыс бойынша ең төменгі күнкөріс мөлшері 12 мың 439 теңгені құрады.