Костенко атындағы шахта биылғы жылы «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаменті ұжымдарының арасында спорттан үздік деп танылды

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Биылғы жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаменті жұмысшыларының дәстүрлі спартакиадасында Костенко атындағы шахтаның ұжымы жеңімпаз атанды. Бұл туралы «Шахтер» спорт клубының төрағасы Юрий Честнов хабарлады.
None
None

Екінші орынды «Абай» шахтасының кеншілері, ал үшінші орынды «Көмір» ВАСС кен құтқарушылары иеленді.

«Осы өткізілген спартакиаданың негізгі нәтижесі - өткен жылғымен салыстырғанда жарыстарға қатысушылардың саны мен жарыстарды ұйымдастыру мен өткізудің жоғары деңгейде екендігі», - деп атап өтті Ю.Честнов.

Биылғы жылы «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің кәсіпорындарынан 17 команда қатысты. Жеті ай ішінде, қаңтардан шілдеге дейін Қарағанды мен Абай, Сарань және Шахтинск шахтерлер қалаларының спорт ареналарында спорттың он үш түрі бойынша жарыстар өткізілді.

«Сонымен қатар, биыл бағдарламадан тыс дәстүрлі 13 спорт түріне қосымша жағажай волейболы да қосылды. Бас кезінде күмән да болды: біз алаңқайлар дайындай аламыз ба, оған қатысушылар бола ма? Бірақ бәрі де жақсы болды. 12 команда жиналды», - деді «Шахтер» спорт клубының төрағасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубокқа, «Қорғау» көмір кәсіподағының грамоталары мен сыйлықтарына ие болды.

Соңғы жаңалықтар