Қосыша құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою жөнінде семинар өткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Облыстық салық департаментінде Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бөлініп шығуына байланысты кәсіпкерлермен кездесу өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинар-кеңесте қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылғанын растау рәсімінен өту жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ салық есептілігін тапсыру тәртібіне, салық төлемгерлерінің салық міндет­тілігіне енгізілген өзгерістер туралы сөз болды.

 Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары Қазтай Әбдіреевтің айтуынша, үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейін қосылған құн салығы төлемгері ретінде есепке тұрған заңды тұлғалар қайта рәсімдеуден өтуі тиіс. Себебі, заңсыз жұмыс істеп жатқан заңды тұлғалар көбейді. Жалған есеп-фактураларын толтыру жағдайлары жиіледі. Белгіленген мерзімге дейін салық органдарына өтініш білдірмегендер 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығын төлеуші болуын тоқ­татады.

Соңғы жаңалықтар