02:04, 02 Тамыз 2015 | GMT +5
Қой ұрлығының соңы мүлкін тәркілеуге соқтырды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаңақала аудандық сотының үкімімен А.Әбдіров ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімі 2, 3-тармақтарымен айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сотталған А.Әбдіровтің тәртібін бақылау Жаңақала аудандық пробация қызметіне жүктелді.
Қылмыстық іс материалына қарағанда, А.Әбдіров бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында құны 20 мың теңге тұратын қой малын ұрлап, сойып алған. Оған қоса тұрғын үйге заңсыз кіріп, 7 мың теңгенің ұялы телефонын қолды қылған.