20:04, 30 Наурыз 2010 | GMT +5
Қойгелдінің жас хоккейшілері «Жұлдызша» спартакиадасының чемпионы атанды
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетау қаласында өңірде алғаш рет республикалық «Жұлызша» жас хоккейшілер спартакиадасы өткізіліп, сайыс қорытындысында облыстың Аршалы ауданы Қойгелді ауылының командасы чемпиондық тұғырға көтерілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Апта бойы 10-11 жас аралығындағы жас хоккейшілер өткен жылы пайдалануға берілген «Бурабай» қысқы спорт сарайында бақтарын сынап, бас жүлдені сарапқа салды. Бұл жолы еліміздің әр түкпірінен алты команда сайысқа түскен. Бірінші орын үшін бәсекеде аршалылықтар Рудный командасынан басым түссе, екібастұздық жас хоккейшілер «Астана-2» командасын тізе бүктірді. Жарыс нәтижесінде Екібастұз қаласы екінші, Рудный хоккейшілері үшінші орыннан көрінді. Сайыс қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы», «Сақ қақпашы», «Қорғаныс шебінің шымыры» аталымдарына орай сый-сияпаттар табысталды.