19:36, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі БҰҰ-ның Жоғары комиссары басқармасының Орталық Азия бойынша өкілімен кездесті
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтың БҰҰ Жоғары Комиссары Басқармасының Орталық Азия бойынша Адам құқықтары жөніндегі аумақтық өкілі Армен Арутюнянмен кездесуі өтті, деп хабарлады Қазақстандағы омбудсменнің баспасөз қызметі.

А. Шәкіров БҰҰ-ның өкілін Азаптаулар және басқа да іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы ұлттық алдын-алу механизмі туралы Қазақстандағы заң жобасы әзірлеу жұмысымен, сонымен бірге қазақстандық омбудсмен офисінің ұлттық құқық-қорғаушы мекемелері халықаралық үйлестіру комитетіне (ICC) енгізілуі барысымен таныстырды.
Өз кезегінде А. Арутюнян Қазақстан Республикасында қабылданған адам құқықтары мен бостандықтары саласында халықаралық міндеттемелерді іске асыру мәселелері бойынша сарапшылық көмекті көрсетуге дайындығын білдірді.
Кездесу кезінде тараптар мекемелер арасындағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ алдағы іс-қимыл перспективалары мәселелерін талқылады.