ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері Алматы мен Павлодардың мемлекеттік мекемелерінде болды

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы наурызда балалар құқығынн қорғау мониторингі аясында ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері Алматы мен Павлодар қалаларының мемлекеттік мекемелерін - Алматы қаласы «№2 балалар үйін», «Отбасылық үлгідегі балалар үйін», «Сәбилер үйін», Павлодар қаласының «Жас ұрпақ» жасөспірімдер үйін» аралап көрді, деп хабарлайды Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың баспасөз қызметі.
None
None

Балалар мекемелері жұмысымен танысу барысында әр баланың дені сау, рухани тың, адамгершілік тұрғыда және әлеуметтік жағынан алғандағы өмір деңгейлері балалар құқығын қалтқысыз жүзеге асыру талаптарына сай болуы мәселелері зерттелді. Балалардың білім алу, денсаулығын сақтау, ақпарат алу құқықтарын жүзеге асыруға, демалыс пен бос уақытын мәнді өткізу құқығын қамтамасыз етуге, мәдени және шығармашылық өмірге жан-жақты қатысуына айрықша көңіл бөлінді.

Балалардың жалпы білім беретін мектептерде және колледждерде оқуы олардың қоғамға ықпалдасуына игі әсерін тигізеді. Бұл балалар құқығы саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес шара болып табылады.

Балалар тәрбиесінде отбасылық үлгілердің басымдығы жайындағы халықаралық стандарттар тұрғысына орай, балаларды балалар үйінен асырап алу мен патронатқа өткізу мәселелері зерттеуден өткізілді. Бұл мәселе бойынша аймақтардағы жағдай біркелкі емес және оған қатысты көзқарас та әртүрлі.

Балалар мекемелері жұмысын аралап, танысу қорытындысында олардың басшыларының назары жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыруға және бұлардың балалар мен жастар құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарды сақтауына аударылды.

Соңғы жаңалықтар