ҚР Әділет министрі Германия Халықаралық құқықтық ықпалдастық қорының өкілдерін қабылдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесудің басты мақсаты аталмыш германиялық қор мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арасындағы бірлескен жұмыстарды талқылау болды.
Қазақстан үшін қазақстан-герман ықпалдастығының маңызы аса жоғары. Оның дәлелі - 2009 жылғы мамырдың 7-сінде Қазақстан мен Германия Федеративті Республикалары арасында қол қойылған «Болашақ үшін серіктестік аясындағы іс-шаралар бағдарламасы» және үстіміздегі жылғы маусымның 10-ында Р.Түсіпбековтың Берлинге сапары барысында Қазақстан мен Германия Әділет министрліктері арасында болған «Құқықтық ықпалдастық және алмасу жөніндегі бірлескен мәлімдеме».
Бағдарламаның аясындағы ықпалдастық бағыттарының бірі - заңнамалық қызмет саласында тәжірибе алмасу.
Бүгінгі күні екі елдің Әділет министрліктері арасында «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отырған іс-шаралар жоспары бар.