ҚР ақпараттық қауіпсіздігін күшейтуге БАҚ-та мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің арқасында ғана қол жетуі мүмкін ? сарапшы

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - ҚР ақпараттық қауіпсіздігін күшейтуге БАҚ-та мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің арқасында ғана қол жетуі мүмкін. Бұл туралы өткен аптада Алматыда өткен «Қазақстанның медиа-кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ҚБТУ философия және құқық кафедрасының аға лекторы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Леонид Пухович айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, соңғы он жыл көлемінде әлемдегі оқиғаларды көрсетуде БАҚ рөлі айтарлықтай өсті. Бұл әсіресе жергілікті соғыстар мен жанжалдар кезінде бірден көзге көрініп тұрды, өйткені олар бұрынғы уақыттарға қарағанда оқиғаны болған жерден және дәл уақытында көрсете алды. Көп жағдайда әскери науқан ұрыс даласындағы табысымен емес, қандай да бір оқиғаны әлемдік БАҚ-тың қандай көз қырымен қарап, оны қалай жеткізуімен қорытындыланып отырды. Мәселен, 2009 жылғы қаңтардағы израильдіктердің Газа секторындағы әскери операцияның барысы бірқатар жағдайда бомбалар мен зымырандардың көзделген жерге дөп түсіре алуы емес, қоршаудағы қалада қалып қойған Би-Би-Сидің жалғыз тілшісі Әли Макбулдың қай жерде қандай жарылыс, қандай қырғын болғанын көрсетуінің маңызы күштірек болды. Ақпараттық майдан үшін тек әскери жанжал ғана негізгі тақырыптың өзегі болып қалмайды. Кей жағдайларда, жергілікті әскери қақтығыстан гөрі ұлт басшысының денсаулығы немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау-дамайдың өзі маңызы зор әлемдік оқиғаға айналып кетіп жатады. Арақашықтық, шекара деген бөгеттерді білмейтін, көпшіліктің қолдануына өте ыңғайлы дүиежүзілік ғаламтор ? Интернет - әлемдік мәселелерді шешуде БАҚ-тың рөлін бұрынғыдан да көтеріп жіберді. Мұндай жағдайда, кез-келген мемлекет ақпараттық қауіпсіздікті өзінің шекарасының қауіпсіздігінен кем көрмеуі қажет, деп атап өтті Л.Пухович. «Қазақстан-2030» Стратегиясында ұлттық қауіпсіздік ұзақ мерзімдік басымдық болып белгіленген, ал ақпараттық қауіпсіздік ? оның құрамдас бір бөлшегі. Осы құжатқа сәйкес, бұқаралық ақпарат және насихат құралдарындағы «қоғамдық сананы қалыптастыру жүйесі» (өмірге түсінігі, саяси көзқарасы, рухани құндылығы және басқалар) мемлекет алдына тұрған қатерлердің бірі болып табылады.«Қазақстан ? 130 ұлыс өкілдері тұрып жатқан көпұлтты ел аталады, сонымен қатар орыс тілі әлі күнге дейін республикада тұрып жатқан барлық ұлттар үшін негізгі қатынас тілі ретінде қалып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс те осындай. Жалпы БАҚ санының тек қана орыс тілінде шығатын үлесі ? 35 %, ал тек қана қазақ тілінде таралатын БАҚ үлесі ? 18%, ал, екі тілдегі көрсеткіш ? 35 %-ды құрайды» - деп атап өтті Л.Пухович.Оның айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі қазақ тілінде сөйлейтін Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағдай өзгешелеу. Дейтұрғанмен, жалпы Қазақстан бойынша медиа кеңістігінде орыстілді БАҚ-тың салмағы басым болып тұр. Егер ірі қалалардағы тұрғындар үшін қолжетімді Интернетті алар болсақ, онда орыс тілінің артықшылығы көзге ұрып тұрады. «Егер кеңес кезіндегі Қазақстанда жергілікті қазақ және орыс тілдеріндегі теле- және радиотаратуға бірдей эфирлік уақыт берілетін болса, қазіргі айырмашылық жер мен көктей, ең өкініштісі айырмашылық орыс тілінің пайдасына шешілуінде» - деп атап өтті лектор.Бұл фактілер, әлі күнге дейін, сол КСРО кезіндегідей қоғамдық сана қалыптастыруға тек, жергілікті БАҚ қана қатысып отырған жоқ. Бұған 2008 жылғы тамыздағы Ресей мен Грузия арасындағы жанжалды қазақстандық БАҚ-тың көрсетуін нақты дәлел ретінде келтіруге болады. Ел басшылығының оқиғаға байсалды баға бергеніне қарамастан, Қазақстандағы орыс тілді БАҚ-тар Ресейдегі Грузияға қарсы насихатты сол күйінде қайталап беріп отырды, ал оның барлығы да Кавказдағы соғыстың негізгі шындығымен сәйкес келе бермейді. Осы қайғылы оқиғаға қатысты қарсы пікір айтуға талаптанған «Мегаполис» газетінен басқа бірде-бір басылым табылмады.Л.Пуховичтің пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстан өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отыр, ол Ресей саясатымен үнемі сәйкес келе бермеуі мүмкін. Мәселен, Қазақстан Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындаған жоқ, бұл әрине, Кремльдің көңілінен шықты деуге келмейді. Осыған қарамастан біздің бірқатар БАҚ солтүстіктегі көршіміздің іс-қимылын жақтауға шақырды. «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы ауқымында Қазақстанның НАТО-мен ынтымақтастығын, энергия ресурстарын көрші елдерге шығару жолын таңдаудағы тәуелсіз экономикалық саясатты ресейлік БАҚ-тар, өз тұтынушыларына қасақана біржақты етіп көрсетуге тырысады. Мұндай саясат келешекте жағдайдың ушығып кетуіне сеп болуы мүмкін, бұл кез келген мемлекет үшін өте қауіпті», - дейді ғалым.«Келешекте аталған мәселенің шешімі бола ма? Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік тілдің еліміздің барлық саласында, оның ішінде БАҚ-та қолданылуында жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тіліне оқыту және елімізде қазақ тілді БАҚ-тың үлесін арттырумен бір мезетте жүргізілуі тиіс», - деп есептейді Л.Пухович.Оның пікірінше, мемлекеттік тілді оқып, оны үйреніп жатқан халықтың барлық деңгейін электрондық БАҚ-тар қолдап отыруы тиіс. Әсіресе, қабілетіне, жасына және қай ұлысқа жататынына қарамастан, кез-келген адам жеңіл үйреніп алатын тұрмыстық қазақ тілі дүкенде, көлікте, жұмыста, мектепте және басқа да орындарда тілдесетін құралға айналуы тиіс. Түрлі тіл ұстарту бағдарламаларын көрсету арқылы БАҚ-тар да көмек жасауы керек. Мұндай тәжірибе Еуропа мен АҚШ-та қолданылып келеді. Атақты Би-Би-Си корпорациясы осындай бағдарламаны ТВ арнасы мен радио және Интернат арқылы көрсетеді және таратады. Мұндай бағдарлама «Америка дауысы» американдық телекорпорациясында да бар. Олар да, аталмыш бағытта жұмыс жасайды. Нәтижесіз емес.Егер «Известия-Қазақстан», «Комсомольская правда» және басқа да бірлескен баспа өнімдері туралы сөз етер болсақ, мұндай тәжірибе басқа елдерде де бар. АҚШ-та ағылшын тіліндегі канадалық, британдық және басқа да баспаларды табу оңай. Бірақ, олардың құны жергілікті газет, журналдарға қарағанда бірнеше есеге қымбат. Сондықтан да, менің ойымша, ресейлік басылымдардың бағасы көтерілсе, отандық өнімнің сапасын арттыруға тиімді себеп болар еді, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті күшейтудің фактісі болар еді. Соңғысы, егер қазақ тілі кириллицадан латын әріпіне көшірілсе, онда Интернет мемлекеттік тілде жақсы дамып кетер еді. «Мұрат Әуезовтің айтуынша, көптеген тіл мамандары кириллицадан латыншаға көшсек, онда қазақ тілі дамымай қалады, өйткені оны дамыту қазірдің өзінде өте қиын деп есептейтін көрінеді. Мен мұнымен келіспеймін, өйткені латын әрпі қазақта болды, ол өз қызметін жаман орындаған жоқ. Латын әріпімен жазылған қазақ тіліндегі кітаптарды мен өзім оқыдым, түсінуге болады, ұғуға да жеңіл. Оған үйренуге үш сағат қана уақыт керек, одан кейін өте жеңіл оқылады» - дейді Л.Пухович.Көптеген түркі тілді елдер, атап айтқанда Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және басқалар латыншаға көшті. Әрине, мұндай шараның Қазақстандағы кейбіреулерге ұнамауы мүмкін, егер шынтуайтында Қазақстан тәуелсіз саясат жүргізгісі келсе, оның ішінде ақпараттық жағынан тәуелсіз боламын десе, аталған шара дұрыс қадам болар еді», - дейді сарапшы. Л.Пуховичтің айтуынша, ақпараттық қауіпсіздік кез келген мемлекеттің егемендігінің аса маңызды элементінің бірі болып саналады. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы ақпараттық қауіпсіздікті күшейту жөнінде жоғарыда қаралған шаралар өте нәзік, сондықтан да оны асықпай және абайлап жүзеге асыру керек. Дейтұрғанмен, мұны ұзаққа соза беруге болмайды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум