ҚР АШМ басшысы СҚО диқандарының өзекті мәселелеріне жауап қайтарды (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-ға жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов «Петерфельд Агро» ЖШС мен «Зенченко және К» шаруа серіктестігінде болды. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Петерфельд-Агро» 5 жылдн бері мал шаруашылығымен айналысып келеді. 2011 жылы кәсіпорын етті-сүтті бағыттағы 400 бас ірі қара сатып алды. Қазір серіктестікте 3 мың бас мал бар.

Аграршылар министрмен осында кездесті. Диқандар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды айтты.

Кездесуде Жер кодексі туралы да сөз қозғалды.

«Зенченко және К» шаруа серіктестігінде ауыл шаруашылығы министрі егіс науқанының барысымен танысты, ферманы аралады.

Мал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Асқар Мырзахметов сауу кешенінің жұмысымен танысты. Оның көмегімен тәулігіне голштин тұқымды ірі қарадан 20 тоннаға жуық сүт алуға болады. Көрсеткішті 35 тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Қонақтар өнімнің сапасын өз көздерімен көріп, тексеріп шықты.

Кездесу соңында Асқар Мырзахметовке әлеуметтік нысандарды көрсетті. Қазір Новоникольское ауылында спорттық кешен құрылысы жалғасуда. Биыл жұмысшылар үшін 10-нан астам тұрғын үй салмақ.

Бұдан кейін АШМ басшысы агроқұрылымдардың басшыларымен кеңес өткізді. Кездесуді ашқан аймақ басшысы Ерік Сұлтанов министрге АӨК дамуы туралы баяндады.

Аграршылардың көбі республикалық маңыздағы шешімге зәру мәселелерді көтерді. «Тайынша Астық» ЖШС басшысы Анатолий Рафальскийді сүттің бағасы толғандырды.

Сұрақтарға министрдің өзі және Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық департамент басшылары жауап берді. Елордалық мамандардың сөзіне қарағанда, қазір субсидиялар төлеу бойынша бағдарламаға өзгерістер енгізіліп жатыр. Сүтті сатып алу бағасын әкімдіктер бекітеді.

Диқандарды элиталық тұқымдарға деген жеңілдіктер, су мәселесі мазалап отыр. Егін егуді субсидиялау мәселесі де көтерілді.

Аймақта бұл сала жақсы дамып келеді. Ауыл шаруашылығы министрі сүт қабылдау бекеттерін құруды ұсынды. Оның сөзіне қарағанда, жұмысы тоқтап тұрған сүт зауыттары аз емес.

null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар