ҚР АШМ Ветбақылау және қадағалау комитеті Жамбыл ауданы бойынша аумақтық инспекциясының бастығы мен бөлім басшысы тұтқындалды
Бұл туралы бүгін «Экспресс К» басылымында жарық көрген«Взбеситься можно» мақаласында жазылды.
Кейбіреулер бұны өз еріктерінен тыс жасауда. Малдың құжаты үшін параны олардан инспекторлар талап етеді. Жамбыл облысы бойынша қаржы полициясында осындай іс тергелуде.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветқадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл ауданы бойынша аумақтық инспекциясының бастығы Мұхтар Талқанбаев пен аталмыш инспекцияның бөлім бастығы Үбәйда Таңатаров қамауға алынды. Екеуі де сату үшін қала маңындағы ауылдан облыс орталығына малды шығармақ болған ауыл тұрғынынан пара талап еткен. Және екеуі де тергеу аяқталғанға дейін жұмыстарынан шеттетілді.
Ветинспекцияда «соғыс емес жағдайындағы шығындар» бұған дейін де болып келгендігін атап өткен жөн. Мамыр айында ақшаға бірнеше рет анықтама бергені үшін Рысқұлов атындағы аудан инспекциясының басшысы Бердібек Жайнақов пен оның қол астындағы қызметкері Мұхаметқали Диханбаев ұсталған болатын.
Етке анықтамалар мен сертификаттарды сатуда әкімдік қызметкерлері де байқалды. Ақпан айында ветеринария бөлімінің бас мамандары Диас Кенетаев пен Самат Исаханов пара алғандары үшін құрықталды.