ҚР АШМ жойылған малдың шығынын нарықтық бағамен өтейді
Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Үкімет қаулысын дайындау үстінде. Бұған сәйкес жойылған малдың шығыны республикалық бюджеттен нарықтық бағамен өтелінеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда Үржар ауданының 3 ошағында 871 ірі қара, 1152 ұсақ мал жойылған. Аусыл бойынша инфекция ошағында буферлік және қауіпті аймақтарда сәйкесінше шаралар жалғастырылуда. Барлық малдар вакцинацияланды.
Еске сала кетейік, 19 желтоқсанда Қарабұта ауылында, Сарытерек аймағының «Алғабас» шаруа қожалығында ірі қара малдың аусыл ауруына шалдыққандығы анықталды. Ұқсас жағдай ағымдағы жылдың 21 желтоқсан күні Бақты ауылының жеке аулалардың бірінде тіркелді.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен аусыл ауруының ошақтарына карантин жарияланды.
Аусыл ауруымен күресу үшін ветеринарлық дәрмектердің қажетті саны республикалық қорынан ШҚО Үржар ауданына вакциналармен дәрілеу құралдары жеткізілді.