ҚР ӘТК 2 әскери кемемен толығады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссиясы бекіткен ӘТК-ны дамыту конвенциясының аясында мина сүзгіш және зымыранды қос кемемен әскери кемелердің қатары толығатын болды. Бұл туралы бүгін жыл қорытындысын шығаруға арналған мәжілісте ҚР ӘК Әскери-теңіз күшінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов хабарлады.
None
None

«Су сыйымдылығы 150 тонна мина сүзгіш кеме 2013 жылы құрастырылып бастаған. «Рособоронэкспорт» арқылы Санкт-Петербург қ. «Средне-Невский судостроительный завод» ААҚ-мен құны 10 млрд теңгелік шарт жасалған болатын. 2015 жыл ішінде зауыттық және бектіпелер сынағын жүргізу жоспарланған, 2015 жылдың аяғында ол ҚР ӘТК құрамына кіреді. Ал сол жылы су сыйымдылығы 500-700 тонна жаңа зымыран кораблін сатып аламыз», - деді ол.

Оның айтуынша, ұсыныс білдірген Түркия, Германия, РФ, Қытай, Украина және Оңтүстік Корея сынды бірқатар мемлекеттер құны 25-тен 84 млрд. теңге болатын бірнеше нұсқалар ұсыныпты. Ж. Жанұзақов зымыранды кораблі шамамен 42 млрд. теңгеге түсетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар