ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Семейде шұбыртпалы орманды сақтау жөнінде кеңес өткізді

СЕМЕЙ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғаты резерваты мен Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы басшыларының қызметтеріне айтарлықтай көңілі толмайтынын білдірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Министрдің ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Семей қаласы мен ШҚО әкімдіктерінің, күш құрылымдарының өкілдерімен, айрықша қорғалатын аумақтардың және «Семей орманы» табиғат резерватының қызметкерлерімен өткізген кеңестің тақырыбы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғаты резерватының бірегей шұбыртпалы орманды өрттен және заңсыз кесуден қорғау бойынша іс-шараларға арналды.1997 жылдан 2003 жылға дейінгі аралықта Шығыс Қазақстан облысы Семей аймағының Ертіс жағалауындағы шұбыртпалы орман өрттен және ағаштарды заңсыз кесуден қатты зардап шекті. Осы жылдар ішінде орман өрттерінің саны 141,3 мың гектар алаңда 1 840 оқиғаны құрады. Тілсіз жау орман резерватының үштен бір алқабын жойды. Браконьерлік проблемасы да өткір күйінде қалып отыр. 11 жыл ішінде көлемі 127,7 мың текше метр ағаштарды отаудың 3 651 заңсыз кесу оқиғасы тіркелді. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғаты резерваты құрылған 2003 жылдан бері орман өрттері және заңсыз кесу саны қысқарғанымен, проблема өткір күйінде қалып отыр.Министрдің пікірінше, резерват басшылары орманды браконьерлерден қорғауды жеткілікті жүргізбей отыр. Көктеп тұрған қарағайдың заңсыз кесілген оқиғалары шара қабылдау үшін құқық қорғау органдарына өз мерзімінде берілмейді. Нәтижесінде сотқа дейін жеткізілген істердің саны тым мардымсыз күйінде қалып отыр. Өткен жылы небәрі 12 қылмыстық іс қозғалып, 2 заң бұзушы сотталды және 1,5-2 жылдан бас бостандықтарынан айырылды. 160-тан астам браконьерлік фактілері тіркелді.«Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының қызметі күдік туғызады, ? деді Ақылбек Күрішбаев. ? Штатта қызметкерлердің қажетті саны бар, 75 жедел топ жұмыс істейді. Алайда 2008 жыл ішінде облыстық инспекция заң бұзушылық бойынша небәрі 67 хаттама толтырған және олар бойынша жиналған айыппұлдардың сомасы 360 мың теңгені құрады, елеулі өкілеттігі бола тұра облыстық инспекция екі мың доллардан сәл-ақ астам қаражат тапқан».ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев «Семей орманының» ұжымы алдына орын алып отырған проблемаларды шешу бойынша кезек күттірмес шараларды қолға алу міндетін қойды.
Соңғы жаңалықтар