ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеушілерді қолдау бойынша жаңа салалық бағдарлама әзірлейді
Ол ең алдымен, аймақтардың жылдар бойы «мамандандырылуын» қаперден шығаруға болмайтынын атап көрсетті. Мысалға алматылық аймаққа елдің солтүстігі дәстүрлі түрде айналысып келе жатқан және оның өндірісін 1100 пайызға (!) дейін жеткізген күнбағыс өсірумен және өңдеумен айналысудың қажеті қанша?! Өз кезегінде алматылық аймақ пияз, алма, қызанақ, күріш өсірумен даңқы шыққан, ал бұл өнімдер басқа аймақтарда жетіспейді.
Қолда бар қуаттарды есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында кооперация мен ынтымақтастық қажет. Премьер өндіріс пен тұтынудың теңдестірілуі мәселесі өте маңызды, сондықтан да көршілерде жетіп артылатын нәрсені егуге тырыспау қажет, деп атап өтті.
Биылғы жылы «Агробизнес-2020» атты өте маңызды мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Еліміздің ауыл шаруашылығында үлкен әлеует бар, бізде егіншілікте де, мал шаруашылығында да шексіз мүмкіндіктер бар. Бізде жоғары сапалы ет өндірісінің мүмкіндіктері бар, бүгін оның экспорттық әлеуеті де біршама сөз болды. Біз әлемдік нарыққа астық жеткізумен айналысудамыз, оған деген қажеттілік жыл өткен сайын арта түспек. Қазір біз ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздерді белсенді жүргізіп отырмыз», - деп атап өтті С.Ахметов.
Премьер «Агробизнес-2020» бағдарламасының ауқымында қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселесі бойынша мүлдем жаңа мемлекеттік бағдарлама әзірленіп жатқанын хабарлады.
«Бүгін мұнда 4 облыстағы (Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан) ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейінің мысалдары келтірілді: барлығы 4 пайыз ғана. Немесе, мысалға, сүт өңдеу - небәрі 30 пайыз болып отыр».
Үкімет басшысы бүгін форумда көтерілген тақырыпқа - аймақтар әкімдерінің өзіне жасаған өтініштеріне оралды - олар Астанадан өз аймақтарының өнімдері үшін Сауда үйін салуға жер телімін бөлуді сұраған болатын. Бұған орай ол қазір «ҚазАгро» Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге «тауарлардың өтуі» науқанымен айналысуда екенін хабарлады. Астанада қазірдің өзінде заманауи көкөніс қоймаларының 15 мың «қуаттары» салынды, тағы 5-уін салу жоспарлануда. Қоймалар небәрі 40 пайызға жүктелген, ет сақтайтын төмен температурадағы қоймалар да сонша пайызға ғана жүктеліп отыр.
«Сіздердің аймақтарыңыздың ӘКК-лері мұл мәселені пысықтай түсуі тиіс деп ойлаймын», - деген тапсырма берді ҚР Премьер-Министрі.