ҚР банк жүйесіндегі шетел валютасымен депозиттердің үлесі төмендеп келеді - Д.Ақышев

Ол бұл үрдістің банк жүйесіндегі шетел валютасындағы депозиттер үлесінің төмендеуінен байқалады деп түсіндірді. «Долларландырудың ең жоғары деңгейі байқалған қаңтардан бастап сәуірдің соңында шетел валютасындағы депозиттердің жалпы көлемі 70%-дан 60%-ға дейін, оның ішінде жеке тұлғалардікі 80%-дан 71,7%-ға дейін, заңды тұлғалардікі - 62%-дан 52,5%-ға дейінтөмендеді», - деп ҚР ҰБ басшысы цифрларды келтірді.
Соған қарамастан, оның айтуынша, 2016 жылғы сәуірдің соңында депозиттердің жалпы көлемі жылдың басынан бастап 2,3%-ға ұлғайып, 16,3 трлн. теңгені құрады. бұл ретте, теңгедегі депозиттердің өсімі 31% болды, шетел валютасында 10,5%-ға төмендеу орын алды.
«Болашақта біз теңгедегі салымдардың өсу үрдісінің жалғасуын күтеміз, бұл экономиканы теңгеде кредиттеуді кеңейту үшін алғышарттар құратын болады», - деп түйді қаржы реттеушісінің басшысы.