ҚР Бас прокуратурасы: Ақпаратты алдырту - прокурордың санкциясымен

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Бас прокуратура құқық қорғау органдарының кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне негізсіз араласу фактілерінің алдын алу жөніндегі шараларды қолданып келеді,
None
None

деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Осы шеңберде жүргізілген жұмыстарға талдау жүргізу, жедел-іздестіру қызметі (ЖІҚ) барысында мемлекеттік органдар қызметкерлері жеке кәсіпкерлік туралы заңнаманы бұзуға жол беріп, кәсіпкерлерден ақпаратты, соның ішінде коммерциялық құпияларды құрайтын ақпараттарды заңсыз талап ететінін көрсетті.

Бұған жедел-іздестіру қызметін және жеке кәсіпкерлікті реттейтін заңдарда орын алатын қарама-қайшылықтар септігін тигізді. Құқықтық қайшылық лауазымды тұлғалардың қолданыстағы заңнаманы дұрыс түсінбеуіне алып келіп, кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласуға жағдай жасап келген.

Осыған байланысты Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель барлық құқық қорғау органдарына жедел-іздестіру қызметі барысында тек прокурордың санкциясы болған жағдайда ғана жеке кәсіпкерлік субъектілері жөніндегі ақпаратты алдыртудың заңдылығы жөніндегі заңға тиісті түсіндірме берді (түсіндіру мәтіні қоса беріледі).

Бұдан басқа, заңсыз тексерулерді және кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуды болдырмау мақсатында, облыстық прокурорларға жедел-іздестіру қызметін жүргізудің заңдылығына тұрақты түрде қадағалау жасауды қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді. Оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жедел есепке алу істерін жүргізудің заңдылығын үш күндік мерзімде зерделеу қажеттігі және заңсыз жүргізілген жедел-іздестіру шараларын тез арада тоқтату көрсетілген. Сондай-ақ, қаржы полициясының бағынысты қадағалау органдарымен бірге бизнес субъектілеріне қатысты жедел есепке алу істерін жүргізу және қылмыстар туралы арыздарды есепке алу кітабындағы (АЕК) материалдарды тіркеу бойынша он күн сайын салыстыру жүргізуді ұйымдастыру тапсырылған.

Заңды түсіндіру

Құқық қорғау органдарының жұмысына талдау жүргізу жедел-іздестіру қызметі барысында жеке кәсіпкерлік туралы заңнаманы бұзып, жеке кәсіпкерлік субъектілерінен ақпараттарды, соның ішінде коммерциялық құпияларды құрайтын ақпараттарды алдырту фактілерінің орын алатынын көрсетті.

Көрсетілген фактілер жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын білмеуін немесе дұрыс түсінбеуін көрсетеді.

Осыған байланысты, «Прокуратура туралы» заңның 26-бабын басшылыққа алып,

т ү с і н д і р е м і н :

«Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес құқық қорғау органдарының ресми сауал жiберу жолымен анықтамалар алу жалпы жедел-іздестіру шарасы болып табылады. Бұл ретте «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның нормалары прокурордың санкциясын алуды қажет етпейді.

Алайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 11-бабының 9-тармағына сәйкес, құқық қорғау органдары прокурордың санкциясы, тергеу органдарының қылмыстық iс қозғау туралы қаулысы негiзiнде не сот қаулысының негiзiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнен әрі мұндай ақпаратқа ие мемлекеттiк органдар­дан да қажеттi ақпаратты, соның iшiнде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес, бiр деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейiнiрек енгiзiлген актiнiң нормалары қолданылады.

Сондықтан «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 11-бабы 9-тармағының талаптары қолданылуға жатады.

Тиісінше, құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру қызметі барысында жеке кәсіпкерлік субъектілері жөніндегі ақпаратты алдыртуы прокурордың санкциясы болған кезде заңды болып табылады.

Прокурордың санкциясынсыз жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы алынған ақпарат кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу деп бағаланады және заңдармен белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Жоғарыда аталған «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның талаптарын дұрыс түсінбеуді, олардың тиісті қолданылмауын болдыр­мау мақсатында, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру барысында оларды бұлжытпай сақтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары И. Мер­кель

Соңғы жаңалықтар