ҚР Бас прокуратурасы мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы арасындағы ниет хаттамасының жобасы қаралмақ

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель Астана қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) Орталығының басшысы  Н.Заруднамен кездесті, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
None
None

И.Меркель құрметті конақты жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, алдағы уақыттағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Кездесу барысында екіжақты ынтмақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды және өзара іс-қимыл салаларын одан әрі дамыту мен кеңейтуге ортақ мүдделілік атап көрсетілді.

И.Меркель Орталық басшысына құқық қорғау жүйесін реформалау шеңберінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы хабарлап, құқықтық қоғамды дамыту жолында қабылданып отырған шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Н.Зарудна Қазақстанның Бас прокуратурасы мен  ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы арасындағы ниет  хаттамасының жобасын қарауды ұсынды, оның пікірі бойынша бұл бірлескен қызметтің негізгі бағыттарын айқындауға  мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар