ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаев беларустық әріптесімен кездесті

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев өзінің беларустық әріптесі Александр Конюкпен кездесті.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінін хабарлады.

Жылы қабылдауға ризашылығын білдірген А.Конюк, мемлекет болып құрылған жылдар ішінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін, еліміздің жоғары халықаралық беделін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар қалыптасқан екіжақты қатынастарға қанағаттанатындарын білдірді, екі елдің қадағалау органдарының құрылуы мен дамуының тәжірибелері туралы ақпарат алмасып, одан арғы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Сондай-ақ мемлекетаралық қатынасты нығайтудың контекстінде екі елдің қадағалау органдары арасындағы жемісті өзара қатынаста үлкен әлеуеттің бар екендігі атап өтілді.

Онымен бірге, қылмысқа қарсы күрес, адам құқығын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл жолдары талқыланды. А.Дауылбаев, қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы хабардар етіп, Қазақстан адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі халықаралық шарттарға қосылғаннан кейін, бұл мәселеге ерекше назар аударыла бастағанын атап көрсетті.

Тараптар бірлескен жұмыстардың келешегі туралы айта келе, лаңкестікке және экстремизмге, сыбайлас жемқорлыққа, киберқылмысқа қарсы әрекет етуге байланысты мәселелерді жедел шешуге бағытталған ынтымақтастықты дамытуды және тереңдетуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар