18:23, 25 Қазан 2012 | GMT +5
ҚР Бас прокуроры Мемлекет басшысына өзекті қылмыстық істердің тергелу барысы туралы баяндады
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Бас прокурор Президентке қазіргі уақытта еліміздегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі туралы баяндады, сондай-ақ өзекті қылмыстық істердің тергелу барысынан хабардар етті.
Кездесудің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық істерді қарау және тергеу кезінде объективтілікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.