ҚР Бас прокуроры мен Чех Республикасының Жоғарғы мемлекеттік прокуроры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Чехияда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми Чех Республикасының Жоғарғы мемлекеттік прокуроры Рената Весецкамен жүздесіп, екі мемлекеттің прокуратуралары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Осы құжат бойынша тараптар қылмыстық құқық саласындағы екіжақты ынтымақтастықты арттыруда, құқықтық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуде, атап айтқанда, ұйымдасқан қылмыспен күрес және қылмыстық іс-әрекеттен түскен кірістерді заңдастыру саласында өзара құқықтық көмек көрсететін болады.
Аталған құжатта прокурорларды дайындау және олардың кәсіби біліктілігін арттыру, жұмыс тәжірибелерімен өзара алмасу, сонымен қатар ұлттық заңнама, заң шығарушылық жұмыс, қолданыстағы сот төрелігі, тергеудің алдыңғы қатарлы тәжірибелері туралы ақпарат алмасу көзделген.

Соңғы жаңалықтар