ҚР Бас прокуроры ТМД байқаушыларының миссиясы штабының басшысы Евгений Слободамен кездесті

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша ТМД байқаушыларының миссиясы штабының басшысы Евгений Слободамен кездесті.
None
None

Ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратты.

«Кездесу барысында Бас прокурор мейманның назарына сайлау барысы заңдылығының жай-күйі туралы шолуды ұсынып, прокуратура органдарының сайлау кезеңінде заңдылықтың сақталуын қадағалау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы, оның ішінде сайлау заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қарау мен оларды болдырмау бойынша қолданып отырған шаралары туралы ақпараттандырды», - делінген хабарламада.

А.Дауылбаев сонымен қатар, Қазақстанның прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, Жаңаөзендегі жағдайды қалпына келтіру бойынша істеліп жатқан шаралар туралы сұрақтарға жауап берді.

Өз кезегінде Е.Слобода, жемісті ынтымақтастық келешекте де жалғасын табатындығына үмітті екенін жеткізіп, жылы қабылдауға және мазмұнды ақпаратқа ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар