11:18, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
ҚР басым бөлігі антициклонның ықпалында қалады - синоптиктер
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР басым аумағында антициклонның ықпалы сақталады, соған байланысты аяз күшейеді, қар жаумайды,

деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Республиканың оңтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын жаумайды, көктайғақ болып, екпінді жел соғады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ орнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында жекелеген жерлерде тұман түседі.
Түнде Павлодар облысында кей жерлерде күшті аяз болады деп күтілуде.
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық сулы нысандарында және Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұз қату үрдісі жалғасады. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.