ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі: ЕҚЫҰ өкілі кеңсесімен бірлесіп жасалып жатқан жаңа заң жобасы - БАҚ қызметін кезең-кезеңімен ырықтандырудың үлгісі

бүгінгі таңда жасалып жатқан «Теле- және радиохабарларын тарату туралы» ҚР-ның жаңа заң жобасы Қазақстанда БАҚ-ты бірте-бірте ырыққтандырудың үлгісі ретінде жүргізіліп жатқанын айтты.
Бұл туралы ҚР-нің Польшадағы елшілігінің баспасөз баянында хабарланған.
Бұдан бұрын хабарлағанындай, дүйсенбі күні Варшавада ашылған ЕҚЫҰ Адам құқықтары және демократиялық институттар бюросының жыл сайынғы кеңесінде Ұйым қатысушы-мемлекеттерінің адами өлшемдер саласындағы міндеттемелерінің орындалуы қаралып жатыр.
Екі күндік форумға ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерінің өкілдері, халықаралық мәселелер бойынша сарапшылар, құқық қорғаушылар және үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері қатысуда.
ҚР сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынова бастаған Қазақстанның ресми делегациясының құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Жоғарғы соттың, Орталық сайлау комиссиясының және басқа да ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері бар. Кеңеске сондай-ақ Қазақстанның әртүрлі үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысуда.
Азаматтық қоғам мен мемлекет өкілдері бір үстелдің басында ЕҚЫҰ кеңістігіндегі адам құқықтарын қорғау саласындағы ағымдағы жағдайды талқылап, мемлекеттер өздеріне алған міндеттемелерін қалай орындап жатқандықтары туралы пікір алмасуда.