13:08, 06 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҚР Білім және ғылым министрлігі аймақтағы өрттен зардап шеккен ресейлік оқушыларға гуманитарлық көмек көрсетті
АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аймақаралық ынтымақтастығының YII форумы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі ТМД-да ықпалдасу үдерістерін дамыту туралы Мемлекет басшысының бастамасын қолдай отыра, аймақтағы өрттен зардап шеккен ресейлік оқушыларға гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Жоғары оқу орындарының, кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарының , республикалық мекемелердің, балалардың құқығын қорғау жөніндегі департаменттердің ұжымдары, педагогтар мен студенттер аталмыш акцияға қолдауларын білдірді.
Ресейдің оқушыларына мектеп формалары, сөмкелер, дәптерлер, бояулар, сурет дәптерлері мен жалпы салмағы 10 тонна, 12 млн. теңге көлеміндегі мектепке қажетті басқа да құрал-жабдықтар жіберілді.