ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Назарбаев орталығы» «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» тұңғыш Назарбаев оқулары» халықаралық форумын өткізеді
Бүгінде Қазақстан әлемдік саяси кеңістікте берік орын алып отыр. Республика бірқатар маңызды жобаларды қамтитын өз күн тәртібін халықаралық аренаға шығарды. Қазақстанда әлемде «Назарбаев моделі» деп аталған нарықтық ұстанымдарға негізделген табысты заманауи экономика құрылды. Экономиканы дамыту қарқыны жөнінен Қазақстан ғаламшардың ең серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің үштігіне енді. Қазақстанның осы және басқа да табыстары Тұңғыш Президенттің есімімен тығыз байланысты.
Ғылыми оқулар - Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекет құрудағы қызметі мен тарихи рөлін ірі қазақстандық және шетелдік саарапшылардың жан-жақты зерделеуі және Қазақстанның одан әрі серпінді дамуына және оның әлемдік аренадағы ұстанымдарын нығайта түсуге жәрдемдесетін ұсынбалар әзірлеу мақсатындағы жаһандық интеллектуалдық ресустарды біріктіру болмақ.