ҚР бірінші вице-премьері Б.Сағынтаев бастаған қазақстандық делегация Лондонда Маргарет Тэтчерді жерлеу рәсіміне қатысты
Бұл туралы ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан өкілдері 16 сәуір күні күндіз Лондонға ұшып кеткен болатын.
Мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрімен қоштасу рәсімі бүгін, яғни, 17 сәуір күні Қасиетті Павел соборында, ал жерлеу рәсімі Лондонның Чели ауданындағы Корольдік ауруханасының зиратында өтті.
Маргарет Тэтчерді жерлеу рәсіміне Ұлыбритания патшайымы Елизавета II мен жұбайы, сонымен қатар британия үкіметінің басшысы Дэвид Кэмерон бастаған үкімет құрамы түгелімен қатысты.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Біріккен Корольдiгiндегi Төтенше және өкiлеттi елшiсi Қайрат Әбусейітов британдық Сыртқы істер министрлігінде болып, Маргарет Тэтчердің қазасына байланысты «Қайғы кітабына» көңіл айту лебізін қалдырды.
Ұлыбритания Премьер-Министрі кеңсесінің хабарлауынша, қоштасу рәсіміне Ұлыбританиямен өзара достық қарым-қатынастардағы 200 мемлекеттің ресми өкілдері мен халықаралық ұйымдар басшылары қатысты.
Еске сала кетейік, М. Тэтчер 8 сәуір күні 87 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған сырқатынан кейін көз жұмған болатын.