18:50, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
ҚР бірінші вице-премьері наурызда жұмыстан шығарылған мұнайшылардың несиелері бойынша өсімдер мен айыппұлдарды қайта құрылымдау мәселелерін шешуді тапсырды
АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Бірінші вице-премьер Серік Ахметов биылғы жылдың наурыз айында «Қаражамбасмұнай» және «Өзенмұнайгаз» кәсіпорындары жұмысшыларының екінші деңгейдегі банктердегі несиелері бойынша өсімдер мен айыппұлдарды қайта құрылымдау мәселелерін шешуді тапсырды.

Жаңаөзендегі кеңесте С.Ахметов осындай тапсырма берді.
«Олар көптеген жұмыс жұмыстар жүргізді, Марченкомен (Ұлттық банк басшысы), кездесті, түсінушілік пен ынта бар. Өздеріңізге нақты мерзімді анықтап алдыңыздар, сондықтан наурыз айында бұл жұмысты бітіретін болайық», - деді С.Ахметов ҚР Ұлттық банкінің өкіліне қарата айтқан сөзінде.
«Бұл жеке жұмыс. Заң бар, ережелер бар, Ұлттық банк мен қаржыгерлер қауымдастығында қарыз алушылардың тілегін орындап, өсімдер мен айыппұлдарды шығарып тастау бойынша ниет бар», - деп атап өтті ол.