ҚР бірінші вице-премьері Жаңаөзен қаласының бірқатар әлеуметтік нысандарында болды

ЖАҢАӨЗЕН. 29 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарда болды.
None
None

Атап айтқанда, С.Ахметов орталық қазандықты шағын Жылу электр орталығына ауыстыра отырып,  оны қайта жөндеу және кеңейту жұмыстарының барысымен танысты. Құны 5,1 млрд. теңгенің жобасы 4 кезеңмен жүзеге асырылуда, оның екеуі аяқталды. Қайта жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі - 2013 жылдың қарашасы.

С.Ахметов суды тазартатын стансыда болып, оған кәріздік-тазалау құрылыстарын қайта жөндеуден өткізу барысы туралы баяндалды. Аталмыш жобалар Қаланы дамытудың кешенді жоспары негізінде жүзеге асырылуда.

Еске салайық, С.Ахметов ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүр.

Соңғы жаңалықтар