ҚР Болгариядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Шумен қаласында болды

АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат – Кеше Қазақстан Республикасының Болгариядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Сержан Әбдікәрімов Солтүстік-Батыс Болгарияның экономикалық және мәдениет орталығы болып табылатын Шумен қаласында болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сапар барысында қазақстандық дипломат Шумен облысының басшысы Тодор Тодоровпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Елші Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауы, «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы, отандық экономиканы тұрақтандыру бойынша Үкіметтің дағдарысқа қарсы міндеттері туралы сұхбаттасушысын хабардар етті. Қазақстан мен Болгарияның екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығының мәселелері және келешегі талқыланды. Алдағы уақытта Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің міндеттері мен басымдықтарына арнайы көңіл бөлінді.Сапар барысында 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы және оны іске асыру бойынша Шумен облысы аудандарының басшыларына, сауда-өндірістік қауымдастық және бизнес топтары өкілдеріне арналған жоспардың арнайы таныстырылымы болды. «Еуропаға жол» бағдарламасының іске асырылуы біздің еліміздің көптеген салаларда Еуропа елдерімен стратегиялық әріптестік деңгейіне шығуды көздейді. Сержан Әбдікәрімов Шумен қаласына сапары кезінде облыстық индустриялық саябақта және меншік иесі қазақстандық инвесторлар болып табылатын елдегі аса ірі «Брадерс Деликатес» ет өңдеу зауытында болды. Қазіргі уақытта кәсіпорынның өнімдері ел ішіндегі және Еуроодақтағы нарықтарда сатылады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум