ҚР-да шетелдерден технологияларды сатып алуға және патенттеуге гранттар беру қағидалары бекітілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 27 ақпан №211 Астана қаласы
Технологияларды сатып алуға, өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 19) тармақшасына сəйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Технологияларды сатып алуға, өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің Технологиялық жəне инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде заңнамада белгіленген тəртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында жəне Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кəсіпорнының «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын жəне мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы тура- лы мəліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрі Ə.ИСЕКЕШЕВ
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 4 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________________ Е. Досаев 2015 жылғы «_____» __________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы _______________Т. Жақсылықов 2015 жылғы 24 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №211 бұйрығымен бекітілген
Технологияларды сатып алуға, өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Технологияларды сатып алуға, өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан əрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 9 қаңтарындағы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының 5 бабының 19) тармақшасына сəйкес əзірленген жəне технологияларды сатып алуға, өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттарды беру тəртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) грант алушы - осы Қағидаларға сəйкес грант алған жеке жəне заңды тұлға;
2) индустриялық-инновациялық жоба (бұдан əрі - жоба) - белгілі бір уақыт мерзім ішінде іске асырылатын техно- логиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер жасауға бағытталған іс-шаралар кешені;
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері - Қазақстан Республикасы экономикасының басым сек- торларында жобаларды іске асыратын жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уəкілетті орган (бұдан əрі - уəкілетті орган) - индустрия жəне индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жəне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) инновациялық грант - инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық- инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
6) нысаналы технологиялық бағдарлама (бұдан əрі - НТБ) - мемлекет, бизнес жəне ғылымның өзара іс-қимылында негізделген кəсіпорынның (саланың) технологиялық міндеттерін шешу бойынша іс-шаралар кешені;
7) өнеркəсіптік меншік объектісі - өнертабыстар, пайдалы модельдер жəне өнеркəсіптік үлгілер;
8) өтініш - осы Қағидалардың талаптарына сəйкес материалдар жəне құжаттармен жинақталған белгіленген нысандағы өтініш;
9) өтініш беруші - осы Қағидаларға сəйкес инновациялық грант алуға байланысты қарастыруға өтініш ұсынып отырған, Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асырып отырған тұлға;
10) сынақ зертханасы (орталығы) - зерттеу, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның атынан əрекет ететін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі (филиал, өкілдік);
11) технология - пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді алуды қамтамасыз ететін бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс жəне (немесе) жабдықтар кешені;
12) технологиялық саясат жөніндегі кеңес (бұдан əрі - ТСК) - уəкілетті орган жанындағы консультативтік-кеңес беруші орган;
13) ұлттық институттың уəкілетті тұлғасы - технологиялық даму саласындағы ұлттық институттың бірінші бас- шысымен ұлттық институттың бірінші басшысының орынбасарларынан айқындалған тұлға.
3. Инновациялық гранттар өтініш берушілерге индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамаға сəйкес инновациялық гранттарды берудің басым бағыттары шеңберінде беріледі.
4. Жеке тұлғалар болып табылатын өтініш берушілерге жеке кəсіпкер ретінде тіркелу қажет жəне Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы есеп шоты болуы қажет.
5. Инновациялық гранттарды берудің ақпараттық қамтамасыз етілуін ұлттық институт жүзеге асырады.
6. Инновациялық гранттарды беру осы Қағидаларға сəйкес уəкілетті орган мен технологиялық даму саласындағы ұлттық институт (бұдан əрі - ұлттық институт) арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттарды беруге көзделген қаражатты бөлу арқылы уəкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.
7. Ұлттық институт инновациялық гранттарды беру рəсімдерін ұйымдастыруға жеке жəне (немесе) заңды тұлғаларды тартады.
8. Осы Қағидалардың 1-қосымшасында инновациялық гранттар беру (бұдан əрі - инновациялық гранттар беру) шарттары көрсетілген. Технологияларды сатып алуға жəне осы Қағидалардың 1-қосымшасына сəйкес өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге екінші санатты өтініш білдірушілер үшін инновациялық гранттарды беру қаржыландыру көлемі тиісті жылы инновациялық гранттарды беруге бөлінген қаражаттың жəне өткен жылдардағы инновациялық гранттарды беру үшін бөлінген ұлттық институттың ағымдағы есеп шотындағы қаражаттың қалдығының 80 (сексен) пайызы- нан аспауы керек.
9. Шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеу үшін ұлттық институтқа берілген мерзімнен бастап 1 (бір) жылдан ерте емес берілетін инновациялық грантты есепке алмағанда, инновациялық грантты беру- ге байланысты шарт жасалғанға дейін ұсынылған жобаны жүзеге асыру мақсатында өтініш берушілер тарапынан жұмсалған қаражат қайтарылып берілмейді.
10. Ұлттық институт акционерлерін қоспағанда жəне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жағдайларда инновациялық гранттарды беру үрдісіне қатыспайтын, бірақ инновациялық грантты беру туралы шешім қабылданған жобалар туралы ақпаратты жария етуге құқылы болып табылатын үшінші тұлғаларға өтініш туралы ақпараттың жария етілмеуін Ұлттық институт қамтамасыз етеді.
2. Технологияларды сатып алуға, өнеркəсіптік зерттеулер жүргізудің бірінші санаттағы өтініш берушілеріне, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру тəртібі
1 Параграф. Инновациялық гранттарды беру
11. Ұлттық институт жылына 2 (екі) реттен кем емес өтінім қабылданатын мекен-жайы мен мерзімін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жəне ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында инновациялық гранттарды алуға байланысты өтінімдердің қабылданатындығы жəне қарастырылатындығы туралы хабарлайды.
12. Ұлттық институт уəкілетті органға ұлттық институт жəне уəкілетті орган арасында жасалған шартпен белгіленген мерзімде инновациялық гранттарды беру туралы рəсімдердің жүргізілуі туралы есеп тапсырады. Бұл ретте есепті мерзім аралығында инновациялық гранттарды беру туралы рəсімдердің жүргізілуі туралы есептің тапсырылуы инновациялық гранттар беру рəсімдерін тоқтатпайды.
13. Технологияларды сатып алуға, өнеркəсіптік зерттеулер жүргізудің бірінші санаттағы өтініш берушілеріне, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде жəне (не- месе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру рəсімдері келесі кезеңдерді қамтиды:
1) ұлттық институтпен өтінімдерді қабылдау жəне осы Қағидалардың талаптарына сəйкестігін тексеру;
2) ұлттық институттың уəкілетті тұлғасы өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сəйкессіздіктері (бар болған жағдайда) туралы өтініш берушіні ескерту;
3) ұлттық институтпен өтінімдерге тəуелсіз сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
4) ұлттық институттың уəкілетті тұлғасымен екі тəуелсіз сарапшының теріс қорытындысы туралы өтінім берушіні хабарландыру;
5) ұлттық институтпен көрсетілген шығындардың негізділігін тексеру; 6) ұлттық институттың уəкілетті тұлғасымен шығындардың негізділігін тексеруі нəтижесі туралы өтініш берушіні хабардар ету;
7) ұлттық институтпен инновациялық грантты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің қабылдануы;
8) инновациялық грантты беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, ұлттық институт тарапынан грант алу- шымен инновациялық грантты беру туралы шарттың жасалуы;
9) шарт талаптарына сəйкес инновациялық грант қаражаттарын аудару;
10) инновациялық гранттарды беру мен жобаларды жүзеге асыру бойынша мониторинг.
14. Осы Қағидалардың 13 тармағының 2)-8) тармақшаларында көрсетілген инновациялық гранттарды беру рəсімдерінің барлық кезеңдерін жалпы жүргізу мерзімі өтініш берушінің ұлттық институт талап еткен қосымша ақпараттар ұсыну мерзімін қоспағанда 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
15. Өтінімдерді қабылдау жəне қарастыру жылына екі реттен кем емес негізде жүзеге асырылады, олардың аралығындағы уақыт мерзімі 40 (қырық) күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс. Ұлттық институт белгілеген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды.
16. Ұлттық институт келіп түскен барлық өтінімдерді тіркейді жəне олардың Қағидалардың талаптарына сəйкестігін 1 (бір) жұмыс күннен артық емес мерзімде тексереді.
17. Өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сəйкестігіне байланысты тексеру кезеңі аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде ұлттық институт өтініш берушіге өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген пошта жəне электронды пошта мекен-жайына анықталған сəйкессіздіктер (бар болған жағдайда) туралы хабарлама жібереді.
18. Өтінім материалдары осы Қағидалардың талаптарына сəйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші белгілі болған сəйкессіздіктерді жоя алады жəне өтінімді жəне (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сəйкес түзетілген құжаттарды қайта ұсынады. Ұлттық институтпен анықталған сəйкессіздіктерді жоймастан өтінімді қайта тапсырған жағдайда, өтінім ағымдағы жылы əрі қарай ұсыну құқығынсыз кері қайтарылады. Өтініш беруші тарапынан жеткіліксіз жəне (немесе) түзетілген құжаттарды тапсыру кезеңінде өтінімді қарастыру тоқтатылады. Сұраныс жасалған құжаттар 15 (он бес) жұмыс күн ішінде тапсырылмаған жағдайда өтінім өтініш берушіге əрі қарай қарастырылмастан қайтарылады.
19. Ұлттық институтпен тəуелсіз сараптама жүргізу үшін отандық жəне шетелдік сарапшыларды тартады. Тəуелсіз сараптама жүргізу үшін жəне тəуелсіз сарапшыларды іріктеуге қойылатын талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшасында көрсетілген.
20. Өтінім тəуелсіз сарапшылардың бірінен тəуелсіз сараптаманың жүргізілуіне екі сарапшы тартылған жағдайда теріс пікір алса, ұлттық институт үшінші тəуелсіз сарапшыны тартады.
21. Егер тартылған екі тəуелсіз сарапшылардан теріс қорытынды алынған болса, ұлттық институттың уəкілетті тұлғасы инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды жəне өтіш берушіге 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тартылған тəуелсіз сарапшылардың қорытындысын қоса отырып хабарлама жібереді.
22. Тəуелсіз сараптама жүргізу нəтижелері бойынша ұлттық институт тартылған 2 (екі) тəуелсіз сарапшылардың оң қорытындыларын алғаннан кейін көрсетілген шығындардың өтінімдерге сəйкес негізділігін тексереді.
23. Көрсетілген шығындардың негізділігін тексеру тəртібі ұлттық институттың актісімен реттеледі жəне ұлттық институттың интернет-ресурсына орналастырылады.
24. Шығындардың негізділігіне байланысты тексеріс жүргізу үшін ұсынылған ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда ұлттық институт өтініш беруші көрсетіп отырған шығындарды растайтын өтініш берушінің сауалнама- сында көрсетілген электрондық пошта бойынша жəне пошталық хабарлама арқылы өтініш берушіге 1 (бір) реттен көп емес ресми сауал жолдайды.
25. Өтініш беруші ұлттық институтқа электронды пошта арқылы немесе пошта хабарламасы бойынша көрсетілген шығындарды растау үшін ақпаратты өзі қол қойған (егер өтініш беруші жеке тұлға болса) немесе уəкілетті тұлға не- месе өтініш беруші - ұйымның бірінші басшысының (егер өтініш беруші заңды тұлға болса) қолы қойылған ілеспе хапен сұратылған құжаттармен қоса, сұратылым күнінен кейін 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады. Өтініш беруші тарапынан жеткіліксіз жəне (немесе) түзетілген құжаттардың тапсырылуы кезеңінде өтінімді қарастыру тоқтатылады.
26. Сұраныс жасалған құжаттар 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тапсырылмаған жағдайда, өтініш берушіге өтінім əрі қарай қарастырылмаған қалпында қайтарылады.
27. Тексеру қорытындылары бойынша есепке алынған қаражат сомасы негізді деп есептеледі жəне өтініш беруші тарапынан ұсынылған шығындар баптары бойынша жұмсауға жататын шығындар ретінде қарастырылады.
28. Көрсетілген шығындардың негізділігін тексеру барысында өтініш беруші жоба бойынша қарастырылған со- маны толық көлемде негіздей алмаған жағдайда, көрсетілген шығын жоба бойынша негізделген сомаға тепе-тең көлемде қысқартылады.
29. Ұлттық институт көрсетілген шығындардың негізділігін бағалау аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілген шығындардың негізділігін бағалау нəтижелерімен таныстыру мақсатында оларды өтініш берушінің са- уалнамасында көрсетілген электронды мекен-жайға жібереді.
30. Өтініш беруші 5 (бес) жұмыс күн ішінде ұлттық институттың мекен-жайына электронды пошта арқылы немесе пошта хабарламасы бойынша өзі қол қойған (егер өтініш беруші жеке тұлға болса) немесе уəкілетті тұлға немесе өтініш беруші - ұйымның бірінші басшысының (егер өтініш беруші заңды тұлға болса) қолы қойылған жұмсалған қаражаттың негізділігін тексеру нəтижелерімен келісетіндігі немесе өтінімдегі пікірге сəйкес келіспейтіндігі туралы хат жібереді. Өтініш беруші жұмсалатын қаражаттың негізділігін тексеру нəтижелерімен келісетіндігі немесе өтінімдегі пікірге сəйкес келіспейтіндігі туралы хатты жолдау кезеңінде өтінімді қарастыру тоқтатылады.
31. Егер өтініш беруші жұмсалатын қаражаттың негізділігін тексеру нəтижелерімен келіспейтін болса ұлттық институттың уəкілетті тұлғасы инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешімді өтініш берушінің келіспейтіндігі туралы хатының негізінде қабылдайды.
32. Инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешімді ұлттық институт мына жағдайлардың ескере отырып қабылдайды:
1) тартылған тəуелсіз сарапшылардан қорытындылары;
2) өтініш берушіден шығындардың негізділігінің қорытындысымен келісетіндігі туралы жазбаша хаты.
3) инновациялық гранттарды берудің қаржыландыру көлемі тиісті жылы инновациялық гранттарды беруге бөлінген қаражаттың жəне өткен жылдардағы инновациялық гранттарды беру үшін бөлінген ұлттық институттың ағымдағы есеп шотындағы қаражаттың қалдығы.
33. Ұлттық институттың уəкілетті тұлғасы осы Қағидалардың 32-тармағымен қарастырылған шешімді қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні өтініш берушіге сəйкес мазмұндағы жазбаша хабарлама жібереді.
34. Өтінім берушімен жəне ұлттық институт арасында формасы анықталған, инновациялық грантты беру, инновациялық грантты беру туралы екі жақты шартқа қол қою арқылы беріледі.
35. Ұлттық институт инновациялық грантты беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инновациялық грантты беру туралы шарт қол қою үшін өтініш берушіге жөнелтіледі.
36. Егер инновациялық грантты беру туралы шарт алынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің кінəсінан шарт жасалмаған жағдайда, ұлттық институттың уəкілетті тұлғасы инновациялық грантты беруден бас тарту жəне бұдан бұрын қабылданған шешімдердің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
37. Инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның көшірмесі уəкілетті органға жіберіледі.
38. Жасалған шартқа сəйкес жобаны жүзеге асыру үрдісін бақылау мақсатында ұлттық институт инновациялық грантты беру туралы жасалған шарт талаптарына сəйкес жобаның жүзеге асырылуына байланысты тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады, оның нəтижелері бойынша жарты жылда бір рет уəкілетті органға есеп тапсырылады.
39. Жүзеге асыру мониторингі жүргізу тəртібі ұлттық институтпен уəкілетті органның келісуі бойынша бекітіледі жəне ұлттық институттың интернет-ресурсында жарияланады.
40. Грант алушыға инновациялық грант қаражатын аудару инновациялық грантты беру туралы жасалған шарт талаптарына сəйкес кезең-кезеңімен ұлттық институт тарапынан жүргізілген іс-шараларды (іс-қимыл) жүзеге асыру жөніндегі мониторинг негізінде жүзеге асырылады.
41. Инновациялық грантты беру туралы шешім қабылданған жобалар бойынша ақпаратты, ұлттық институт өзінің жеке интернет-ресурсында орналастырады.
Параграф 2. Өтініш берушілердің екінші санаты үшін өнеркəсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге инновациялық гранттар беру тəртібі
42. Ұлттық институт өтінім қабылданатын мекен-жай, байланыс тұлғалары мəліметтерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жəне ұлттық институттардың ресми интернет-ресурсында өтініш берушілердің екінші санаты үшін жылына 2 (екі) рет өнеркəсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге инновациялық гранттарды алуға байланысты өтінімдердің қабылданатындығы жəне қарастырылатындығы туралы хабарлайды.
43. Екінші санатты өтініш берушілерге өнеркəсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге инновациялық гранттар беру рəсімдері келесі кезеңдерден тұрады:
1) ұлттық институттың өтінімдерді қабылдауы жəне осы Қағидалардың талаптарына сəйкестігін тексеру;
2) ұлттық институттың уəкілетті тұласы өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сəйкессіздіктері туралы өтініш берушіні ескертуі (бар болған жағдайда);
3) ұлттық институт тарапынан өтінімдерге тəуелсіз сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
4) ұлттық институттың уəкілетті тұлғасы тартылған екі немесе одан да көп тəуелсіз сарапшылардың теріс қорытындысы туралы өтінім берушіні хабарландыруы;
5) ұлттық институт тарапынан көрсетілген шығындардың негізділігін тексеру;
6) ұлттық институттың уəкілетті тұлғасы өтініш берушіні шығындардың негізділігін тексеруі нəтижесі туралы хабардар етуі;
7) өтініш бойынша ТСК қарауына жоба бойынша кешенді қорытынды жəне басқа ақпарат дайындау жəне жіберу; 8) ұлттық институт тарапынан ұсынылған өтінімдердің, қорытындылардың ТСК отырысында қарастырылуы жəне өндірістік зерттеулер жүргізуге өтініш берушілердің екінші санаты үшін инновациялық грантты беру немесе инновациялық грантты беруден бас тарту туралы ұсыныс беру;
9) ұлтттық институттың өтініш берушіге ТСК-ның теріс ұсынысы туралы хабардар етуі;
10) ұлттық институттың ТСК ұсыныстары негізінде өндірістік зерттеулер жүргізуге өтініш берушілердің екінші санаты үшін инновациялық грантты беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді қабылдауы;
11) инновациялық грантты беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, ұлттық институт тарапынан грант алушымен инновациялық грантты беру туралы шарттың жасалуы;
12) шарт талаптарына сəйкес өндірістік зерттеулер жүргізуге өтініш берушілердің екінші санаты үшін инновациялық грантты беру.
44. Осы Қағидалардың 43-тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген инновациялық гранттарды беру рəсімдерінің барлық кезеңдерін жалпы жүргізу мерзімі, өтініш берушінің ұлттық институт талап еткен қосымша ақпараттарды ұсыну мерзімін қоспағанда 90 (тоқсан) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
45. Өндірістік зерттеулер жүргізуге өтінімдерді қабылдау жəне қарастыру жылына 2 (екі) рет, олардың аралығындағы уақыт интервалы 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс мерзімді негізде жүзеге асырылады. Ұлттық институтпен белгіленген сəйкес жылда өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімінен кейін қарастыруға келіп түскен өтінімдер келесі күнтізбелік жылы қарастырылатын болады.
46. Ұлттық институт келіп түскен барлық өтінімдерді тіркейді жəне олардың Қағидалардың талаптарына сəйкестігін 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес мерзімде тексереді.
47. Өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сəйкестігіне байланысты тексеру кезеңі аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтініш берушіге өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген пошта жəне электронды пошта мекен-жайына анықталған сəйкессіздіктер (бар болған жағдайда) туралы хабарлама жібереді.
48. Өтінім материалдары осы Қағидалардың талаптарына сəйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші белгілі болған сəйкессіздіктерді жоя алады жəне өтінімді жəне (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сəйкес түзетілген құжаттарды қайта ұсынады. Ұлттық институт тарапынан анықталған сəйкессіздіктерді жоймастан өтінімді қайта тапсырған жағдайда, өтінім ағымдағы жылы əрі қарай ұсыну құқығынсыз кері қайтарылады. Өтініш беруші тарапы- нан жеткіліксіз жəне (немесе) түзетілген құжаттарды тапсыру кезеңінде өтінімді қарастыру уақытша тоқтатылады. Сұраныс жасалған құжаттар 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде тапсырылмаған жағдайда өтінім өтініш берушіге əрі қарай қарастырылмастан қайтарып беріледі.
49. Ұлттық институт 3 (үштен) кем емес отандық жəне шетелдік сарапшыларды тарту арқылы тəуелсіз сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді. Тəуелсіз сараптаманы жүргізу жəне тəуелсіз сарапшыларды таңдау шарты 2 қосымшада көрсетілген
50. Егер тартылған екі немесе одан да көп тəуелсіз сарапшылардан теріс қорытынды алынған болса, ұлттық институттың уəкілетті тұлғасы инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды жəне өтіш берушіге 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тартылған тəуелсіз сарапшылардың қорытындысын қоса отырып сəйкес хабарлама жіберіледі.
51. Тəуелсіз сараптама жүргізу нəтижелері бойынша ұлттық институт ұлттық институт тарапынан тартылған екі немесе одан да көп тəуелсіз сарапшылардың оң қорытындыларын алғаннан кейін көрсетілген шығындардың өтінімдерге сəйкес негізділігін, қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларды тарта отырып тексереді.
52. Көрсетілген шығындардың негізділігін тексеру тəртібі ұлттық институт тарапынан бекітіледі жəне ұлттық институттың интернет-ресурсына орналастырылады.
53. Шығындардың негізділігіне байланысты тексеріс жүргізу үшін ұсынылған ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда ұлттық институт өтініш беруші тарапынан көрсетіліп отырған шығындарды растайтын өтініш берушінің сауалнама- сында көрсетілген электрондық пошта бойынша жəне пошталық хабарлама арқылы өтініш берушіге ресми сауалмен қосымша ақпараттарды екі реттен көп емес талап етуге құқылы болып табылады.
54. Өтініш беруші ұлттық институтқа электронды пошта арқылы немесе пошта хабарламасы бойынша көрсетілген шығындарды растауға қажет ақпаратты өзі қол қойған (егер өтініш беруші жеке тұлға болса) немесе уəкілетті тұлға немесе өтініш беруші - ұйымның бірінші басшысының (егер өтініш беруші заңды тұлға болса) қолы қойылған ілеспе ха- пен сұратылған құжаттармен қоса, сұратылым күнінен кейін 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынуы қажет. Өтініш беруші тарапынан жеткіліксіз жəне (немесе) түзетілген құжаттардың тапсырылуы кезеңінде өтінімді қарастыру уақытша тоқтатылады. Сұраныс жасалған құжаттар 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тапсырылмаған жағдайда, өтініш берушіге өтінім əрі қарай қарастырылмаған қалпында қайтарылады.
55. Жылдық тексеру қорытындылары бойынша есепке алынған қаражат сомасы, ұсынылған шығындар баптары бойынша барынша жұмсауға жататын шығындар ретінде қарастырылады.
56. Егер көрсетілген шығындардың негізділігін тексеру барысында өтініш беруші жоба бойынша қарастырылған соманы толық көлемде негіздей алмаған жағдайда, көрсетілген шығын көрсеткішіне шаққандағы негізделген про- центке дейін азайады. Бұл ретте, негізделмеген сома өтініш берушінің жеке қаражаты есебінен жабылады.
57. Ұлттық институт көрсетілген шығындардың негізділігін бағалау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген шығындардың негізділігін бағалау нəтижелерімен таныстыру мақсатында оларды өтініш берушінің са- уалнамасында көрсетілген электронды мекен-жай бойынша жібереді.
58. Өтініш беруші 5 (бес) жұмыс күн ішінде ұлттық институттың мекен-жайына электронды пошта арқылы не- месе пошта хабарламасы бойынша уəкілетті тұлға немесе өтініш беруші - ұйымның бірінші басшысының қолы қойылған жұмсалған қаражаттың негізділігін тексеру нəтижелерімен келісетіндігі немесе өтінімдегі пікірге сəйкес келіспейтіндігі туралы хатты жібереді. Өтініш беруші тарапынан жұмсалған қаражаттың негізділігін тексеру нəтижелерімен келісетіндігі немесе өтінімдегі пікірге сəйкес келіспейтіндігі туралы хатты ұсыну кезеңінде өтінімді қарастыру уақытша тоқтатылады.
59. Егер өтініш беруші жұмсалатын қаражаттың негізділігін тексеру нəтижелерімен келіспейтін болса ұлттық институт инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
60. Тəуелсіз сараптаманы жəне жұмсалатын қаражаттың негізділігін тексеру өткізгеннен кейін ұлттық институт 3 (үш) жұмыс күні ішінде тəуелсіз сарапшылардың қорытындымен қоса жəне жұмсалатын қаражаттың негізділігі бойынша қорытындысымен бірге жоба бойынша кешенді қорытынды дайындайды.
61. Ұлттық институт 2 (екі) жұмыс күні ішінде ТСК қарауына өтініш бойынша мəліметтерді жібереді.
62. Өтініш бойынша мəліметтер жоба бойынша кешенді қорытындыны, өтініш берушінің жобасы бойынша өтініш берушінің өзі ұсынған презентация, өтінішті ұлттық институтқа жолдаған уақытта ұлттық институттың шоттарында сəйкес жылда инновациялық гранттарды беруге республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың бар болуы жай- лы ақпаратты қамтиды.
63. ТСК ұлттық институт арқылы өтінім бойынша материалдар енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жоба бойынша материалдарды қарастырады, жобаны талқылау үшін отырыс ұйымдастырады жəне келесі ұсыныстардың бірін береді:
1) инновациялық грант беруге ұсыну;
2) инновациялық грантты беруден бас тарту. ТСК отырысына өз жобасын презентациялауға өтініш беруші шақырылады.
64. Инновациялық грантты беруден бас тарту туралы ТСК хаттамалық шешімі қабылданғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтінушіге сəйкес келетін жазбаша хабарландыру жолдайды.
65. ТСК екінші санатты өнеркəсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізу инновациялық грантты беру туралы оң хаттамалық шешімінен бастап ұлттық институт 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институт инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қою үшін нысаны ұлттық институтпен анықталатын шартты өтініш берушіге жөнелтіледі. Егер инновациялық грантты беру туралы шарт 30 (отыз) жұмыс күні мерзімде өтінушінің бастамасымен жасалмаса, ұлттық институт инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
66. Инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның көшірмесі уəкілетті органға жолданады.
67. Жасалған шартпен сəйкесінше жобаны жүзеге асыру үдерісін бақылау мақсатында, ұлттық институт жар- ты жылда бір рет есептемені уəкілетті органға жіберу үшін инновациялық грантты беру туралы жасалынған шарт шарттарына сəйкес жобаны жүзеге асыру барысының үздіксіз мониторингін жүргізеді.
68. Инновациялық гранттарды беру туралы жасасқан шарттар бойынша жобалардың мониторингісі ұлттық институттың актісімен реттеледі жəне оның интернет сайтында орнатылады.
69. Грант алушыға инновациялық гранттың қаражатын аудару инновациялық грантты беру туралы жасалған шарт шарттарына кезең бойынша шаралар (əрекеттерді) жүзеге асыру мониторингінің нəтижелері бойынша жəне есептемелік кезеңде немесе сатысында грант алушының жүргізген шығындарының талдауларына сəйкес жүргізіледі.
3 Параграф. Технологияларды сатып алуға, өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар алу үшін ұсынылатын материалдар жəне (немесе) құжаттар тізбесі
70. Технологияларды сатып алуға, өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге (бірінші санат бойынша), бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық грант алудан үміткер болып табылатын өтініш берушілер ұлттық институтқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сəйкес үлгіде грантты алуға байланысты жазылған өтініш;
2) осы Қағидалардың 4-қосымшаға сəйкес нысан бойынша (сондай-ақ ағылшын тілінде электронды тасымал- дауышта Word форматында жəне PDF немесе JPEG форматында) сканерленген өтініш берушінің сауалнамасы;
3) осы Қағидалардың 5-қосымшаға сəйкес жоба паспорты бойынша (сондай-ақ ағылшын тілінде электронды тасымалдауышта Word форматында жəне PDF немесе JPEG форматында) жоба төлқұжаты;
4) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сəйкес үлгідегі күнтізбелік жоспар жобасы (сондай-ақ ағылшын тілінде Word форматындағы электронды тасымалдаушыда жəне PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады);
5) осы Қағидалардың 7-қосымшасына сəйкес үлгідегі мəлімделген/өндірілген шығындарды растайтын құжаттармен қоса берілген шығындар сметасының жобасы (шарттардың, келісімдердің көшірмелері, бар болған жағдайда өзге де жеткізушілердің бағалық/коммерциялық ұсыныстары, интернет-ресурстарға сілтемелер, төлем жүргізу есепшоттары жəне т.б.);
6) басшы болып табылмайтын тұлғаға өтініш беру, оған қол қою, инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қою құқығын беретін құжат;
7) салық төлеушінің салық берешегінің жəне төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, өтінім беру күнінің алдындағы үш айдан артық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы анықтамасының түпнұсқасы;
8) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің немесе анықтаманың бар болуын растайтын «Электронды үкімет» порталынан электронды құжат; Ескерту: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
9) жеке тұлғалар үшін - өтінім қолма-қол ұсынылған жағдайда жеке куəлігінің не паспортының түпнұсқалары мен көшірмелері салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда жеке куəлігінің не паспортының нотариалды куəландырылған көшірмелері.
71. Технологияларды сатып алу үшін инновациялық грант алудан үміткер болып табылатын өтініш беруші үшін 70 тармақтың 1)-9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа төмендегілерді ұсыну қажет болып табылады:
1) бағаларын көрсете отырып тараптардың технологияларды жəне (немесе) құрылғыларды беру туралы ниеттерін растайтын алдын-ала жасалған келісім;
2) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сəйкес құрылым бойынша жобаның бизнес-жоспары (сондай-ақ ағылшын тілінде электронды тасымалдауышта Word форматындағы электронды тасымалдаушыда жəне PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады);
3) лицензиялардың, патенттердің, куəліктердің, дипломдардың, сертификаттардың жəне өтініш берушінің ғылыми- техникалық саладағы жұмыстарды орындау (олар болған жағдайда) біліктілігін растайтын басқада құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары (қолма-қол ұсынылған жағдайда тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады) немесе лицензиялардың, патенттердің, куəліктердің, дипломдардың, сертификаттардың жəне басқада құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері (пошта арқылы түскен жағдайда).
72. Бірінші санат үшін өнеркəсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған инновациялық грантты алудан үміткер болып табылатын өтініш білдірушіге 70 тармақтың 1)-9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа төмендегілерді ұсыну қажет болып табылады:
1) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сəйкес өнеркəсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізу бағдарламасы (сондай- ақ ағылшын тілінде Word форматындағы электронды тасымалдаушыда жəне PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады);
2) өтініш берушінің ғылыми ұйыммен серіктестік байланысты болу ниетін растайтын құжат (тартылған жағдайда), сондай-ақ Word форматындағы электронды тасымалдаушыда жəне PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады);
3) лицензиялардың, патенттердің, куəліктердің, дипломдардың, сертификаттардың жəне өтініш берушінің ғылыми- техникалық саладағы жұмыстарды орындау (олар болған жағдайда) біліктілігін растайтын басқада құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары (қолма-қол ұсынылған жағдайда тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады) немесе лицензиялардың, патенттердің, куəліктердің, дипломдардың, сертификаттардың жəне басқада құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері (пошта арқылы түскен жағдайда).
73. Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға байланысты инновациялық грант алудан үміткер өтініш білдірушіге 70 тармақтың 1)-9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа төмендегілерді ұсыну қажет болып табылады:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сəйкес құрылым бойынша құрылған жобаның бизнес-жоспары (сондай- ақ ағылшын тілінде Word форматындағы электронды тасымалдаушыда жəне PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады);
2) өтініш берушінің өнімнің жоғары технологиялық түрлерін өндіру жəне/немесе пайдалануға байланысты құқығын растайтын құжат (болған жағдайда: шарттар, келісімдер, келісімшарттар, күзет құжаттары, лицензиялар, сертификаттар жəне т.б.; сондай-ақ Word форматындағы электронды тасымалдаушыда жəне PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады);
3) лицензиялардың, патенттердің, куəліктердің, дипломдардың, сертификаттардың жəне өтініш берушінің ғылыми- техникалық саладағы жұмыстарды орындау (олар болған жағдайда) біліктілігін растайтын басқада құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары (қолма-қол ұсынылған жағдайда тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады) немесе лицензиялардың, патенттердің, куəліктердің, дипломдардың, сертификаттардың жəне басқада құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері (пошта арқылы түскен жағдайда).
74. Шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар алудан үміткер болып табылатын өтініш берушіге 70 тармақтың 1)-9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа төмендегілерді ұсыну қажет болып табылады:
1) патент қабілеттілігіне алдын ала іздеу есебі мен өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркəсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уəкілетті орган бекіткен мемлекеттік монополия саласында қызмет ететін (өнеркəсіптік меншік нысанының қорғау саласында қызмет көрсету) Қазақстан Республикасындағы сараптамалық ұйымдарды (бұдан əрі - Сараптамалық ұйым) алдын ала іздестіру нəтижелері бойынша алдын ала қорытынды (сондай-ақ ағылшын тілінде Word форматындағы электронды тасымалдаушыда жəне PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады);
2) Мемлекеттік құпияны құрайтын мəліметтерді тексеру өтінім туралы Сараптамалық ұйымның анықтамасы;
3) шетелдік жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда еркін үлгіде өнеркəсіп меншігінің объектісіне патентті алу мақсаттарын, мемлекетті, таңдап алынған елдің көкейтестілігін, көрсетілген елдерде патентті алудан Қазақстан Республикасының экономикасы үшін болуы ықтимал экономикалық тиімділікті, мəлімделетін жаңалықтың па- тенттеуге дайындығы көрсетілген патенттеу қажеттілігі туралы өтініш берушінің негіздемесі (сондай-ақ ағылшын тілінде Word форматындағы электронды тасымалдаушыда жəне PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады);
4) тиісті грант алуға патенттік кооперация туралы шартқа (РСТ) сəйкес халықаралық алдын ала сараптаманың қорытындысы (бар болған жағдайда) (сондай-ақ ағылшын тілінде Word форматындағы электронды тасымалдау- шыда жəне PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады);
5) шетелдік патенттік ведомство жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйым берген жəне тиісті грант алуға өтінім берілгенге дейін 12 (он екі) айдан кешіктірмей алынған өнеркəсіптік меншік нысанына патент (бар болған жағдайда) (сондай-ақ ағылшын тілінде Word форматындағы электронды тасымалдаушыда жəне PDF немесе JPEG форма- тында сканерленген қалыпта ұсынылады).
75. Екінші санат үшін өнеркəсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған инновациялық грантты алудан үміткер болып табылатын өтініш білдіруші ұлттық институтқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сəйкес үлгіде грант алуға байланысты жазылған өтініш;
2) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сəйкес үлгіде толтырылған өтініш берушінің сауалнамасы;
3) осы Қағидалардың 11-қосымшасына сəйкес үлгідегі өнеркəсіптік зерттеулер жүзеге асырылып жатқан ныса- налы технологиялық бағдарламаның сипаттамасы;
4) осы Қағидалардың 12-қосымшасына сəйкес үлгіде толтырылған қатысушылардың декларациясы (мөр басылған ресми бланктарда);
5) зияткерлік меншікке құқықтарды үлестіруді, ақпараттармен алмасу тəртəбін жəне басқада үйлестіру жағдайларды сипаттайтын консорциум туралы шарттың жобасы;
6) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сəйкес үлгідегі күнтізбелік жоспар жобасы;
7) осы Қағидалардың 13-қосымшасына сəйкес үлгідегі ұйымдастыру жоспарының жобасы;
8) осы Қағидалардың 15-қосымшасына сəйкес үлгідегі ресурстық қамтамасыз ету жоспарының жобасы;
9) шығындар сметасының жобасы, шарттардың, келісімдердің көшірмелері, өзге де жеткізушілердің бағалық жəне (немесе) коммерциялық ұсыныстары, интернет-ресурстарға сілтемелер, төлем жүргізу есепшоттары;
10) соңғы 3 жылдағы қаржы есептілігі (қаржы есептілігінің жыл сайынғы аудитін жүргізуге міндетті тұлғалар да көрсетілген уақыт бойынша аудиторлық есептер ұсынады);
11) басшы болып табылмайтын тұлғаға өтініш беру, оған қол қою, инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қою құқығын беретін құжат;
12) лицензиялардың, патенттердің, куəліктердің, дипломдардың, сертификаттардың жəне өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындау (олар болған жағдайда) біліктілігін растайтын басқада құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары (қолма-қол ұсынылған жағдайда тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады) немесе лицензиялардың, патенттердің, куəліктердің, дипломдардың, сертификаттардың жəне басқада құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері (пошта арқылы түскен жағдайда).
76. Грант алуға өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
77. Инновациялық грантты беру туралы шарт жасалған өтінім материалдары жобаны іске асыру кезеңінде жа- рамды жəне өтініш берушіге қайтарылмайды.
78. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен растығын қамтамасыз етеді. Өтініш беруші тарапынан ұсынылған ақпаратта есептеулер барысында қолданылған дерек көздері, жəне есепті жүргізу күні көрсетіледі.
Технологияларды сатып алуға, өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру Қағидаларына 1-қосымша
Инновациялық гранттарды беру шарттары
1. Технологиялар сатып алуға инновациялық грант беру шарттары
1. Технологияларды сатып алуға грант көрсетілген шығындардың 50 (елуден) пайызына дейінгі мөлшерде, бірақ 400 000 000 (төрт жүз миллион) теңге көлемінен аспауы тиіс, қоса қаржыландыру негізінде күнтізбелік жоспарға сəйкес заңды тұлғаларға беріледі.
2. Технологияларды сатып алу гранты мыналарға беріледі:
1) технологияларды пайдалану құқығын беретін лицензия алуға;
2) технологияларды пайдалану құқығын беретін лицензия алуға жəне сатылып алынған технологиялардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын құрылғыларды сатып алуға;
3) сатылып алынған технологиялардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын құрылғыларды сатып алуға;
4) сынақ зертханасын (орталығын) кеңейтуге арналған технологияны жəне (немесе) сатып алынатын технологияның ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын құрылғыларды сатып алуға. Осы тармақтың 2) жəне 3)-тармақшаларына қоса сатып алынатын технологияны пайдалана отырып тауарларды өндіруді ұйымдастыру үшін техникалық құжатты сатып алуға жəне бейімдеуге жəне тауарларды сату мақсатында тауарлық белгіні сатып алуға, соның ішінде жобаны іске асыру үшін басқада (инжинирлік, оның ішінде жобалау- конструкторлық, қызметтердің төлемі, тəжірибелі үлгіні (тəжірибелі топтаманы) жасау, сынақтау, сертификаттау) қажетті шығындарға.
3. Технологияларды сатып алу жəне қолданысқа енгізу мерзімі 36 (отыз алты) айдан аспауы тиіс.
2. Өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге инновациялық грант беру шарттары
4. Өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге инновациялық грантқа өтініш берушілердің екі санатына беріледі:
1) бірінші санат: Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, кəсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғаларға;
2) екінші санат:заңды тұлғалар: Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, кəсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғаларға; құрамына өзара үлестес емес заңды тұлғалар кіруі тиіс емес, өнеркəсіптік секторының атынан əрекет ететін кон- сорциум жəне кем дегенде 1 (бір) ғылыми-зерттеу институты жəне (немесе) жоғарғы оқу орнын немесе жарғысында негізгі қызмет бағыттарының бірі ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстар, ал қажет болған жағдайда индустриялық- инновациялық инфрақұрылым элементі қарастырылатын ұйым құратын заңды тұлғаларға; шет елдік ғылыми ұйымдар жұмысқа тартылған жағдайда ғылыми-зерттеу мен тəжірибелік-конструкторлық жəне жіберу-жөндеу жұмыстарды жүргізуге байланысты іс-шаралардың жүзеге асырылуы тікелей отандық ғылыми ұйымның қатысуымен өткізіледі. Бұл ретте, ғылыми-зерттеу мен тəжірибелік-конструкторлық жəне жіберу-жөндеу жұмыстарға бағытталған шығындар, отандық ғылыми ұйым тарапынан төленетін қаражат үлесі жалпы бюджеттің 10 (он) пайызынан төмен болмауы тиіс.
5. Өнеркəсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған гранттың жалпы сомасы негізделген қаражаттың 40 (қырық) пайызын құрайды, бірақ 70 000 000 (жетпіс миллион) теңгеден аспайды жəне мыналарға беріледі:
1) өнеркəсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті реактивтер, шығын материалдары мен зертхана жабдықтарын сатып алуға;
2) инженерлік-техникалық кадрлар жəне (немесе) отандық жəне (немесе) шетелдік ғылыми-техникалық ұйым қызметкерлерінің еңбекақы қорына;
3) өтінімде көрсетілген шығындардың 10 (он) пайызынан аспайтын жүк құжаттарының шығындары.
6. Өтініш берушілердің екінші санаты үшін өнеркəсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған гранттың жалпы сомасы негізделген қаражаттың 80 (сексен) пайызын құрайды, бірақ 800 000 000 (сегіз жүз миллион) теңгеден аспайды жəне мыналарға беріледі:
1) келесі іс-шаралармен шектелмей жоба алды жəне жобалау жұмыстарының төлеміне: технологиялық мониторинг, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін əзірлеу, зертхана үлгісін немесе бастапқы конструкциясын өнімнің жəне (немесе) технологияның немесе процестің жұмыс моделіне дейін жасау жəне жеткізу; өнімнің жəне (немесе) технологияның жасалған жұмыс моделінің тестілеуін жүргізу; өнімнің жəне (немесе) технологияның өнеркəсіптік прототипін жасау техникалық шешімдерін техникалық шығару негізінде əзірлеу; өнімнің жəне (немесе) технологияның өнеркəсіптік прототипінің техникалық жобалауы; өнімнің жəне (немесе) технологияның өнеркəсіптік прототипін жасау жəне зерттеу жұмыс құжаттарын əзірлеу; өнімнің жəне (немесе) технологияның өнеркəсіптік прототипін əзірлеу; өнімнің жəне (немесе) технологияның өнеркəсіптік прототипін сынау; зерттеу нəтижелері бойынша құжаттарды қайта қарау; өнімнің тəжірибелік партиясын өнімнің дефектерін/оларды жақсарту қажеттілігін анықтаумен қауіпсіздік, денсаулықты жəне қоршаған ортаны сақтау жөніндегі бақылау жүргізетін органдармен (ұйымдармен) білікті сынау; жобаны кеңестік жəне инжинерлік сүйемелдеу - техникалық, технологиялық сипаттағы мамандырылған қызметтер; Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес рұқсат беру құжаттарын (сертификаттар, лицензиялар, техникалық шарттар, стандарттар) алу;
2) өнеркəсіптік зерттеулер жүргізу үшін қажетті шығыс материалдары мен зертханалық жабдықтарға жұмсалатын шығындарға;
3) инженерлік-техникалық кадрлар жəне (немесе) ғылыми-техникалық ұйымдардың, жоғарғы оқу орындарының қызметіне төленетін төлемдерге;
4) өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге қажетті жүк шығындары жəне басқа да негізді шығындар, оның ішінде тəжірибелік-енгізу жұмыстарын жүргізумен байланысты шығындар.
7. Өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге грантқа өтініш берушілердің екі санатынада жобаның кезеңдерін жүзеге асыру нəтижелерінің мониторингі бойынша күнтізбелік жоспарға сəйкес кезең-кезеңімен қоса қаржыландыру негізінде беріледі.
8. Өнеркəсіптік зерттеулер жүргізу мерзімі өтініш берушілердің екі санаты үшін 36 (отыз алты) айдан аспауы тиіс.
3. Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялы өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға грант беру шарттары
9. Жоғары технологиялы өнім өндіру гранты уəкілетті органмен бекітілген тізімге сəйкес беріледі.
10. Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялы өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға бөлінетін гранттың жалпы сомасы қоса қаржыландыру түрінде беріледі жəне жобаны іске асыруға мəлімделген қаражаттың 70 (жетпіс) пайызын құрайды, бірақ 50 000 000 (елу миллион) теңгеден аспайды жəне мыналарға беріледі:
1) жобаны жүзеге асыруға қажетті құрылғыларды сатып алу төлеміне;
2) сатылып алынған құрылғылардың жұмыс істеуі жəне (немесе) жоғары технологиялы өнімді шығару (өндіру) үшін қажетті материалдар мен құрамдас бөліктерге;
3) өнеркəсіптік алаңдарды жалға алуға;
4) еңбек төлем қорына;
5) көрсетілген шығындардың 10 (он) пайызынан аспайтын жүк шығындарына;
6) үшінші тұлғалардың қызметіне төлем жүргізуге.
11. Қоса қаржыландыру жоба кезеңдерін жүзеге асыру нəтижелері бойынша күнтізбелік жоспарға сəйкес кезең- кезеңімен жүргізіледі.
12. Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялы өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға бөлінетін грантты игеру мерзімі 36 (отыз алты) айдан аспауы тиіс.
13. Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялы өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға бөлінетін грантты игеру нəтижесіне сəйкес жоғары технологиялы өнімді шығару болып табылады.
4. Шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге грант беру шарттары
14. Шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге грант Патенттік кооперация туралы шарт- қа (PCT) сəйкес өнеркəсіптік меншік нысанына патент алу құқығы бар жеке жəне (немесе) заңды тұлғаларға беріледі.
15. Шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге грант шығындардың бөлігін төлеу түрінде:
1) халықаралық өтінім беруге, халықаралық іздеу жұмыстары мен Патенттік кооперация туралы шартқа (РСТ) сəй- кес халықаралық іздеу органында халықаралық алдын ала сараптаманы жүргізуге (бұдан əрі - халықаралық өтінім);
2) сұрау салынатын елдерде өнеркəсіптік меншік нысанына патент алуға;
3) өнеркəсіптік меншік нысанына патент берілген күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде 3-тен (үштен) артық емес шет елдерде өнеркəсіптік меншік нысанына патентті күшінде ұстап тұруға беріледі.
16. Бұл ретте грантты алуға ұлттық институтқа өтініш берген күнге сəйкес соңғы 1 (бір) жыл ішінде осы Қағидалардың 25 тармағында көрсетілген шығындарға сəйкес қаражат жұмсаған өтініш білдірушілер үміткер бола алады.
17. Өтініш берушіде халықаралық өтініш бойынша халықаралық алдын-ала сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, өтініш беруші шет елдердегі өнеркəсіптік меншік объектісіне патент алуға жұмсалған қаражаттың бір бөлігін төлеуге байланысты өтінім бере алады.
18. Өтініш берушіде шет елдерде өнеркəсіптік меншік объектісі болған жағдайда, өтініш беруші өнеркəсіптік меншік объектісіне патент берілген күннен бастап 3 (үш) артық емес шетелдік мемлекетте 3 (үш) жыл уақыт аралығында патенттің күшін жоймауға өтінім бере алады.
19. Шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге берілетін гранттың сомасы төмендегілерден тұрады:
1) халықаралық өтінім беруге - мəлімделген қаражаттың 95 (тоқсан бес) пайызы, бірақ 750 000 (жеті жүз елу мың) теңгеден аспайды;
2) өнеркəсіптік меншік нысанын шет елдерде патенттеуге - мəлімделген қаражаттың 95 (тоқсан бес) пайызы, бірақ 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды;
3) өнеркəсіптік меншік нысанына патент берілген күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде 3-тен (үштен) артық емес шет елдерде өнеркəсіптік меншік нысанына патентті күшінде ұстап тұруға - мəлімделген қаражаттың 90 (тоқсан) пайызы, 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.
20. Халықаралық өтінім беруге ұсынылған қаражатты игеру нəтижесі Патенттік ұйым туралы шартқа (PCT) сəйкес халықаралық алдын ала сараптама қорытындысы болып табылады. Патенттік ұйым туралы шартқа (PCT) сəйкес халықаралық алдын ала сараптама қорытындысын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұлттық институтқа оның нотариалды куəландырылған көшірмесін ұсынады.
21. Өтініш берушінің шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге грантты игеру нəтижесі өнеркəсіптік меншік нысанына патент немесе шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуден бас тарту туралы шешім болып табылады.
22. Өтініш берушінің өнеркəсіптік меншік нысанына патент берілген күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде 3-тен (үштен) артық емес шет елдерде өнеркəсіптік меншік нысанына патентті күшінде ұстап тұруға арналған грантты алудың нəтижесі патент қолдайтын шет елдің тиісті уəкілетті органының жыл сайынғы ақпараты болып табылады.
Технологияларды сатып алуға, өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру Қағидаларына 2-қосымша Тəуелсіз сараптаманы жүргізуге жəне тəуелсіз сарапшыларды іріктеуге қойылатын талаптар
1. Тəуелсіз сараптама жобаны орындаудың толыққандылығының бағасы болып табылады. Тəуелсіз сарапта- маны жүргізуге отандық жəне шетелдің жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар шақырылады.
2. Ұлттық институт сыртқы тəуелсіз отандық жəне шетел сарапшыларының тізімін қалыптастырады.
3. Өтініштер сараптамасына тартылатын тəуелсіз отандық жəне шетел сарапшылары болып табылатын жеке тұлғалар үшін қойылатын талаптар:
1) сарапшы болып қатысайын деп отырған салада кем дегенде 5 (бес) жылдық жұмыс тəжірибесі болуы керек;
2) ғылыми-техникалық жəне тəжірибелі-конструкторлық жұмыстарда жəне индустиалды-инновациялық жоба- ларды жүргізу бойынша тəжірибенің болуы.
4. Жобаның тəуелсіз сараптамасын отандық жəне шетел сарапшыларымен жүргізуді қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге тартылатын заңды тұлғалар үшін келесі талаптар орнатылады:
1) сараптамалық ұйым ретінде шығатын экономика саласы немесе бағытында сараптамалық қызметтерді көрсету нарығы бойынша кем дегенде 1 (бір) жылдық жұмыс тəжірибесінің болуы;
2) тəуелсіз сараптамалық ұйым ретінде қатысуға талаптанған экономиканың сол саласы немесе бөлімінде тəуелсіз сараптама үшін тартылған осы Қағидалардың 3-тармағындағы талаптарға сəйкес кем дегенде 10 (он) отандық сарапшылармен шарттық байланыстардың барлығы;
3) растайтын құжаттар жəне қосымша түйіндемемен, тəуелсіз сараптамалық ұйым ретінде қатысуға талаптанған экономиканың сол саласы немесе бөлімінде тəуелсіз сараптама үшін тартылған осы Қағидалардың 3-тармағындағы талаптарға сəйкес кем дегенде 5 (бес) шетелдік сарапшылармен шарттық байланыстардың барлығы.
5. Өтініштерге тəуелсіз сараптама жүргізу үшін тəуелсіз сарапшыларды тартуда ұлттық институт сараптамалық қызметтерді көрсетуге əрбір сарапшымен нысаны ұлттық институтпен бекітілетін шарт жасасады. Тəуелсіз сараптаманы жүргізу тəртібі ұлттық институттың актілерімен реттеледі.