ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ұлыбритания елшісімен кездесті

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров біздің еліміздегі Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті елшісі Кэролин Браунмен кездесті. Бұл туралы аталмыш органның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Кездесу барысында шетел дипломаты қазақстандық құқық қорғау мекемелері қызметінің негізгі бағыттары туралы, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесудің нысандары туралы хабардар етілді.

Сондай-ақ, Қазақстанда қалыптасып жатқан азаптауларды алдын алудың ұлттық алдын алу тетігі шеңберінде қазақстандық Омбудсмен институтының адам құқықтарын қорғау жүйесіндегі рөлі жайлы мәселелер талқыланды.

Елші К.Браун Ұлыбритания Үкіметінің бірлескен жобалар шеңберінде адам құқықтарын қорғау саласындағы белсенді ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.

Соңғы жаңалықтар