ҚР-дағы ГФР елшісі Гидо Херц Маңғыстауға барды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Германия Федеративтік Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Гидо Херцпен кездесті.
None
None

Маңғыстау облысының әкімі А. Айдарбаев кездесу барысында Маңғыстау облысы мен Германия кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, білім беру, мәдениет саласындағы өзара қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін елшіге алғыс білдірді.

«Қазақстандағы миссиям аяқталды. Бүгін батыс өңірімен қоштасамын. Мұнда халықаралық логистиканы дамыту үшін мүмкіндіктер көп. Маңғыстау ел экономикасының жүрегі, Ұлы Жібек жолы жобасының маңызды торабы деп санаймын. Логистика сияқты салаларда облыс пен Германия кәсіпкерлері арасында достық әріптестік қатынас орнағанына сенімдімін. Мұнай жабдықтарын жеткізу мәселесі дамып, нығаятын болады», - деді ол.

2

Соңғы жаңалықтар