11:25, 30 Қараша 2009 | GMT +5
ҚР Денсаулық сақтау министрі мен Ұлттық медициналық орталығының директоры Маңғыстауда іссапармен болды
АҚТАУ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - ҚР Денсаулық сақтау министрі Ж.А. Досқалиев пен Ұлттық медициналық орталығының директоры А.К Байгенжин Маңғыстауда іссапармен болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жұмыс сапары барысында олар 2008-2010 жылдарға арналған Маңғыстау облысының денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралатын облыстық мәслихат сессиясының жұмысына қатысты.
Онан кейін Жол картасы бойынша Маңғыстау облысының кардиохирургиялық қызметін ашу мақсатында Маңғыстау облыстық ауруханасын аралады.
Бұдан әрі ҚР Денсаулық сақтау министрі Ж. А. Досқалиев пен Ұлттық медициналық орталығының директоры А.К Байгенжин Ақтау қалалық перзентхана үйінің ашылу салтанатына қатысып, «Облыстық мамандандырылған балалар үйіне» барды.