09:39, 05 Наурыз 2012 | GMT +5
ҚР Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Қостанайда жүр
ҚОСТАНАЙ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Қостанайға жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова келді.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, министр аймақта кешеден бері жүр. Ол Меңдіқара ауданының бірқатар әлеуметтік нысандарына барып, медициналық мекемелердің ұжымдарымен кездесті.
Бүгін министр Қостанай қаласының нысандарын аралап, медициналық мекемелердің жетекшілері және жұмыскерлерімен кездеседі.
Жұмыс сапары медицина саласы мамандарынық қатысуымен өтетін актив отырысымен аяқталады.