15:13, 09 Мамыр 2013 | GMT +5
ҚР-дың Әзірбайжандағы елшілігі Бакудегі бауырластар қорымына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
БАКУ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Әзірбайжанда фашизм бұғауынан азат еткен Жеңіс күні аталып өтілуде.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары адамзат баласы үшін ХХ ғасырдағы ең қасіретті кезең ретінде тарихқа енді. Германия мен Италияда пайда болған фашизм бүкіл әлемге қауіп төндірді.
Бүгін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдығына орай бауырластар моласына гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті.
Іс-шараға Әзірбайжанда аккредиттелген ТМД елдерінің елшілері, қоғам өкілдері, парламент депутаттары және соғыс ардагерлері қатысты.
Қазақстан елшілігі салтанатқа толық құрамда қатысты.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары әзірбайжан халқы майданда да, тылдағы еңбекте де ерлік пен қайтпас қайсарлығын көрсетті. 1941-1945 жылдары 600 мыңнан астам әзірбайжандықтар майданға аттанды.