ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қ.Келімбетовтің Ыстамбұл қаласына жұмыс сапары өтті

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Қ.Келімбетовтің Ыстамбұл қаласына жұмыс сапары болып өтті, деп хабарлады Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Министр Қара теңіз экономикалық-энергетикалық форумының жұмысына қатысып, Қазақстанның келешегі мен аймақтағы экономикалық және энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар туралы бірнеше жалпы отырыстарда сөз сөйледі.

Сапар барысында Қ.Келімбетовтің «Айдын» университетінің студенттері үшін Қазақстан экономикасының жетістіктері және бауырлас Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы лекциясы ұйымдастырылды.

Сапар шеңберінде Қ.Келімбетовтің экономикалық мәселелер жөніндегі ТР Вице-премьері Әли Бабаджанмен, ТР Қаржы министрі Мехмет Шимшекпен екіжақты кездесулері, сондай-ақ «Чалык Холдинг» басқарма төрағасы Ахмет Чалыкпен таңертеңгі жұмыс асы болып өтті.

Өткен кездесулерде Қазақстан мен Түркияның энергетика және экономикалық даму саласындағы екіжақты, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Түрік тарапы қазақстан-түрік қатынастарының экономикалық даму қарқынына жоғары баға берді. Бұл тұрғыда екі бауырлас халықтар арасындағы жан-жақты байланыстарды, олардың ішінде ерекше орын алатын бірлескен білім беру бағдарламаларын да одан әрі тереңдетуге ұдайы көңіл бөліп отырған екі мемлекет басшыларының айтарлықтай рөлі атап өтілді.

Сапардың аяғына қарай министр көрнекті қазақ түркітанушысы және жазушы-романист Немат Келімбетовтің түрік тілінде жарыққа шыққан кітабының Ыстамбұл қаласында өткен таныстырылымына қатысты. Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаев, білім және мәдениет саласындағы бірқатар ыстамбұлдық унивесрситеттер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, ҚР-дің Ыстамбұлдағы Бас консулдығының қызметкерлері, қазақстандық студенттер, сондай-ақ жергілікті ғылыми және шығармашылық интеллигенция қауымы қатысты.

Соңғы жаңалықтар
telegram