ҚР Елшісі: Еуразиялық ықпалдастықтың негізі - Қазақстандық-ресейлік тату көршілік қарым-қатынастар

ММТУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Иван Петровтың айтуынша, бүгінде университет қазақстандық студенттер өздерін үйдегідей сезінулері үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Тау-кен университетінің студенттері олармен Қазақстаннан 200-ге жуық жас білім алатынын мақтан етеді. Қуанышымызға орай, олардың жақсы білімі бар, бір-бірімен де өзара тату. Жоғары біліммен қарулану үшін Мәскеудегі жоғары оқу орындарын таңдағандарыңыз үшін алғыс білдіремін», - деп атап өтті ол қазақстандық студенттерге қарата айтқан сөзінде.
Өз кезегінде дипломатиялық өкілдіктің басшысы Ғ. Оразбақов Қазақстанның ағымдағы ішкі және сыртқы саясаты, еліміздің даму бағыттары мен басымдықтары жайында баяндады.
Ол негізгі басымдықты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы ел халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына жасады.