20:46, 09 Қазан 2012 | GMT +5
ҚР Елшісі мен Қырғызстанның Премьер-Министрі Қырғыз Республикасында жұмыс істейтін қазақстандық инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін талқылады
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғызстанның Үкімет үйінде Қазақстанның Қырғызстандағы елішісі Бейбіт Исабаев Қырғызстанның Премьер-Министрі Жанторо Сатыбалдиевпен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

Қазақстан елшісі қырғыздың Үкімет басшысына көрсетілген қабылдау мен екіжақты қарым-қатынасты ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, Ж. Сатыбалдиевті Қырғызстанның Премьер-Министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.
Кездесудің барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық, су-энергетикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру саласында өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, ҚР-да жұмыс істетейтін қазақстандық инвесторлардың заңды мүдделерін және құқығын қорғау және Қырғызстаннан Қазақстанға ет-сүт өнімдерін кіргізуге тыйым салу мәселелерін шешу және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.