ҚР Елшісі Словакия Республикасының Премьер-Министрін Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне қатысуға шақырды

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Братиславада Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Анарбек Қарашев Словакия Республикасының Премьер-Министрі Ивет Радичовтың ұйымдастыруымен дипломатиялық корпус үшін өткізілген «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты, деп хабарлайды Чех және Словакия Республикаларындағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі.
None
None

Өзінің қысқа айтылған алғы сөзінде қазақстандық елші И.Радичовті тағайындалуымен құттықтап, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру барысында жетістіктерге жету тілегін білдірді. ҚР Елшісі жиналған қауымға үстіміздегі жылы Астанада өткелі отырған ЕҚЫҰ Саммитінің өткізілуіне қолдау білдіргендері үшін алғысын айтып, СР Премьер-Министрін осы шараға қатысуға шақырды. Сонымен қатар елші шараға қатысушыларды Қазақстанның сыртқы саясаттағы бастамаларын өткізуге арналған шараларымен таныстырды. Атап айтқанда, А.Қарашев ядролық қаруға қарсы күрестің Халықаралық күніне арналып өткізілген шаралар туралы, сонымен қатар, біздің еліміздің ядролық сынақтардан зардап шеккендерге арнап Халықаралық қорды бекіту жөніндегі бастамасы туралы хабарлады.

Өз кезегінде СР Премьер-Министрі ары қарайғы екі жақты ынтымақтастықтың тереңдей түсуін айтып, жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ кездесуін сәтті өткізуге тілегін білдірді, сонымен қатар, Қазақстанның Ауғанстан мен Қырғызстан Республикасына көрсетіп жатқан көмегін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар