12:30, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҚР елшісі жапондық «Марубени» корпорациясының басшысын Қазақстанның инфрақұрылымды жобаларын инвестициялауға шақырды
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Токиода Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшісі Ақылбек Камалдинов қыркүйектің 7-сі күні «Марубени» корпорациясының президенті Теруо Асадамен кездесті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында біздің елдің елшісі екінші тарапты Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-эконмикалық қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы, сондай-ақ екі ел арасындағы келісім-құқықтық базаның нығайуы бойынша қолға алынып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
Елші сондай-ақ жапондық тарапты Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясындағы жобалардың жүзеге асырылуы мен қаржыландырылуына ат салысуға шақырды.
«Марубени» корпорациясы Қазақстанда мұнай-газ, уран және энергетикалық салалардағы жобалардың жүзеге асырылуына қатысады.