19:07, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен келмек
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ертең ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова Ақмола облысына жұмыс бабындағы сапармен келмек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Г. Әбдіқалықова алдымен Щучье ауданында бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіп орындарын араламақ. Сондай-ақ «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес Астана-Бурабай, Щучье-Көкшетау күрежолы құрылысының барысымен танысып, Көкшетау қаласындағы «НОВОПЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек ұжымымен кездеседі. Қазіргі кезде мұнда 463 адам жұмыспен қамтылса, олардың 80 пайызы - әйелдер. Мұнда таяуда қосымша 326 жаңа жұмыс орны ашылғалы отыр. Жұмыс сапары барысында министрдің «Юбилейный» шағынауданындағы «Қарлығаш» мектеп-бақшада болуы, «Достар» мәдениет үйінде «Жол картасы» аясында атқарылып жатқан жұмыстар сараланатын облыс активі жиналысына қатысуы жоспарланып отыр.