17:17, 06 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмыс сапарымен БҚО-ға келеді
ОРАЛ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қыркүйектің 8-інде жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келмек.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, екі күндік жұмыс сапары барысында министр әйелдердің саяси клубының отырысына, «Көшбасшылыққа ерлер мен әйелдердің көзқарасы» атты тренингке қатысып, мәдениет және әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездеспек.
Сапарының екінші күні Г.Әбдіқалықова Орал қаласында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған №5 емханада, сондай-ақ «Жол картасына» сәйкес Мәскеу көшесіндегі жаңадан төселген автожол мен күрделі жөндеуден өткізілген қалалық №3 балабақшада болмақ.