11:55, 03 Мамыр 2013 | GMT +5
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмыс сапарымен БҚО-ға келмек
ОРАЛ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов 4 мамыр күні жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келмек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, министр еңбекақы берешектерін өтеу бойынша шаралар қабылдау жөніндегі дағдарысқа қарсы облыстық штаб отырысына қатыспақ. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өңір жұртшылығы өкілдерімен кездеседі.