ҚР ІІМ басшысы Түркияның Бас жандармериясының қолбасшысымен кездесті

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының ІІМ-де Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Түркия Республикасы Бас жандармериясының қолбасшысы Неджет Озелмен кездесу өткізді.
None
None

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркияның қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау салаларындағы ынтымақтастығының болашағы мен қазіргі жағдайы талқыға салынды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар Түрияның оқу орындарында қазақстандық полиция кадрларын даярлауда алдағы уақытта да өзара іс-қимыл орнатуға дайын екендерін қуаттады.

Соңғы жаңалықтар